jasqazaq.kz

Шымкент: Қоғамдық орындарды ластауға жол берілмейді

19 қыркүйек 2024, 14:17

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын жүзеге асыру аясында Шымкент қаласында биыл бастау алған «Таза Қазақстан» жобасына тұрақты түрде қолдау көрсетілуде.

Полиция қызметкерлері әкімдік қызметкерлерімен бірлесе отырып, қоғамдық орындарды ластаушы тәртіп бұзушыларды анықтап, жауапкершілікке тарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Айталық, жыл басынан бері тәртіп сақшылары 55 мыңнан астам әкімшілік хаттамалар толтырып, 255 миллион теңгеден астам айыппұл салған.
Мәселен, «Қоғамдық орындарды ластау» 434-2 бабы бойынша 10 902 құқық бұзушылық анықталып, тіркелген. Сәйкесінше, 145 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша «Қаланы абаттандыру, инфрақұрылымды бұзу, жасыл желектерді жою және бүлдіру қағидаларын бұзу» 20 974 құқық бұзушы анықталып, оларға 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Сонымен бірге, ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы «Автомобиль жолдарын, темір жол өткелдерін және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру» талаптарын бұзғаны үшін 22 770 адамға 103 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл белгісіз орындарға коммуналдық қалдықтарды тастап, ұсақ бұзақылық жасағандар үшін жаза күшейтілген болатын. Енді мұндай құқық бұзушылықтар үшін едәуір қомақты айыппұлдар салынып, әкімшілік қамауға алынады.
Атап айтқанда, заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, анықталмаған орындарға коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ 434-2-бап «Қоғамдық орындарды ластау» бойынша айыппұлдар артты. Саябақтарды, алаңдарды ластағаны және белгісіз орындарға коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін айыппұл 10 АЕК (бұрын 5 АЕК) құрайды. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда айыппұл 10-нан 20 АЕК-ке дейін өседі.
Ал 434-бап «Ұсақ бұзақылық» бойынша ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі мүлікті және басқа да қоғамдық орындарды бүлдіру енді 50 АЕК (бұрын 20 АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға немесе немесе 5 күннен 20 күнге дейін әкімшілік қамаққа алуды көздейді (бұрын 15 күнге дейін). Бір жыл ішінде қайталап құқық бұзушылық орын алса әкімшілік қамауға алу 20-дан 30 тәулікке дейін (бұрын 15 тәулікке) ұзартылады.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда