Шымкент: Қазан айында атқарылатын жұмыстар талқыланды

01 қазан, 12:18

Шымкент қаласының әкімдігі қазан айында атқарылатын шаруаларды пысықтау үшін кезекті аппарат мәжілісін өткізді. Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қала әкімінің орынбасарлары Қуаныш Жұмабекұлы мен Сәрсен Абайұлы қазан айына жоспарланған іс-шаралар туралы баяндама жасады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жиында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Төтенше жағдайлар департаментіне қатысты өзекті мәселелер де талқыланды.

Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев қаладағы мүсіндердің жағдайы мен даму жоспарлары туралы баяндады. Қазіргі таңда қалада 180-нен астам тарихи-мәдени мұра нысандары бар. Оларды күтіп ұстау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Сонымен қатар қазіргі таңда аудан аумақтарында кіші сәулеттік нысандар орнатылып жатыр. Басқарма басшысының айтуынша, Абай ауданындағы төрт мәдени ескерткішке зерделеу, түгендеу жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілген. Бұдан бөлек, қаладағы барлық шағын сәулетті нысандардың біркелкі болуы үшін тозығы жетіп, ескірген шағын сәулетті мүсіндер толығымен алынып, орнына жаңа үлгідегі шағын архитектуралық формалар орнату жоспарлануда.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев газ баллондарының және газ ауа қоспасының жарылуының жиілеп кетуіне байланысты алдын алу шаралары туралы айтты. Қала аумағында 13 634 жеке тұрғын үй және 277 пәтерлі 15 жатақхана қатты отынмен жылытылады. Қазіргі таңда газ баллон қолданатын аталған үй тұрғындарына департамент тарапынан «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін сақтау», «Газдан уланудың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынама парақтары таратылып жатыр. Бұдан бөлек, апта сайын 112 қызметімен газдан улану бойынша сақтық шаралары туралы sms-хабарламалар жолдануда. Сонымен қатар мамандар тарапынан тұрғындарға ақпараттық түсіндіру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқаны айтылды.
Жиын соңында қала әкімі жауапты мекемелерге тапсырма беріп, бірқатар міндеттер жүктелді.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза
30 қыркүйек, 13:20
Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
30 қыркүйек, 12:55
Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек
29 қыркүйек, 22:52
Су үнемдеудің сәтті тәжірибесі
27 қыркүйек, 16:46
Түркістан: Жан-жақты іс-қимыл - мал ұрлығына тосқауыл