Шымкент: Қала басшысы инфрақұрылымдық жобаларды тексерді

11 қазан, 11:40

Шымкент қаласының әкімі қаланы аралау барысында бірқатар маңызды нысандарды тексеріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімнің назарында жаңа гүлзарлардың құрылысы, көпқабатты үйлердің сапасы, аулалардың тазалығы, коммуналдық инфрақұрылым және тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелер болды.

Алдымен, шаһар басшысы «Нұрсат-2» шағынауданындағы демеушілер есебінен салынып жатқан жаңа гүлзардың құрылыс барысын тексерді. Жаңа демалыс орны қараша айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Мердігер ұйымға көгалдандыруға ерекше мән беріп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз, қауіпсіз және ыңғайлы қозғалуына жағдай жасау қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар, Абай ауданының «Асар-2» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Құрылысшыларға сапа стандарттарын сақтау және тексерілген материалдарды қолдану туралы тапсырмалар берілді. Әкім қаладағы тұрғын үй құрылысының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөліп, тұрғындарға сапалы әрі қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуді міндеттеді.

Шаһар басшысы Тұран ауданындағы «Шымкент қаласының газотехникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, газбен қамтамасыз ету саласының мамандарымен кездесті. Бұл мекеме қала әкімінің тапсырмасы бойынша өткен жылы құрылып, халықтың газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталған. Әкім газ шаруашылығында жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті талап ететінін, әрі бұл салада жоғары кәсібилік пен техникалық дағдылардың қажет екенін атап өтті. Ол алдағы жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.
Сонымен қатар, «Айқап» шағынауданында кәріз жүйесін жүргізу жұмыстарын қарап шықты. Мердігер ұйым өкілдеріне барлық жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау міндеті жүктелді.

Әрі қарай, әкім «Көл» аумағын абаттандыру барысымен танысып, жауапты тұлғаларға спорт және ойын алаңдарын салу бойынша нақты тапсырмалар берді. Жаңа алаңдар қала тұрғындарына, әсіресе балалар мен ересектерге, спортпен шұғылданып, белсенді демалыс өткізуге мүмкіндік береді.
Қаладағы инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын тексерген шаһар басшысы құзырлы орган басшыларына бірқатар тапсырмалар мен міндеттер жүктеді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?