jasqazaq.kz

Шымкент: Қала әкімі Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесті

17 қазан 2024, 12:17

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы және еліміздің Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында тоқсан сайын Шымкент қаласының әкімі қаладағы әр ауданның әрқайсысымен көшпелі кездесу өткізуде. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданындағы Шаңырақ, Тұрдыабад Базарқақпа, Абдулабад шағын аудандары мен тұрғын алаптарының азаматтарымен кездесті. Аудан халқы ең алдымен коммуналдық қызметтерге, электрмен жабдықтауға, қаңғыбас иттерді аулауға, аялдамалар орнатуға, жол белгілері мен көшелерді жарықтандыруға қатысты, көшелерге орнатылатын жол белгілері сынды бірқатар кешенді мәселелерді көтерді.

Сонымен қатар тұрғындармен бірге жер учаскелерін заңдастыру, көшелерді көгалдандыру, жолдар мен спорт алаңдарын салу сұрақтары да қарастырылды. Тұрғындар қоғамдық көліктер мен кәсіпкерлік нысандарының жұмысына қатысты ұсыныстарын білдірді.
Қала басшысы мен сала басшылары кей мәселелерді сол жерде шұғыл шешті. Күрделі мәселелер бақылауға алынып, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Мегаполис басшысына мәселесін жеткізуге оқталған халықтың қарасы қалың. Олар тіпті Ғабит Сыздықбековті ортаға алып, кезек күтпестен базынасын жеткізе бастады. Олардың бірі тұрғын үйінің проблемасын айтса, енді бірі жеке басына қатысты мәселе көтерді.
Сонымен қатар транспорт, балалар ойын алаңшасы жөнінде де қордаланған мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, әкім халықтың жағдайын жасау үшін кез келген жағдайда жауап беруге тырысады деседі.

Қала басшысының тұрғындармен кездесуі Тұрдыабад Базарқақпа шағын ауданында жалғасты. Мұнда тұрғындар тозығы жеткен тұрғын үй, жол құралысы, ойын алаңшасының жеткіліксіздігі сынды проблемны көтерді.

Ғабит Сыздықбеков аудан әкімдері мен басқарма басшыларына қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуде жедел және пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды. Қала әкімі бірінші кезекте барлық шаралар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Базаркақпа тұрғын алабындағы көшпелі кездесу барысында қала басшысы жергілікті тұрғындардың жұмылуымен пайда болған жасыл аймақты аралап көрді. Жаяу жүргіншілер жолдарын қарастыру, қоршаулар мен бейнебақылау камераларын орнату мәселелерін қамтитын қолайлы микроклиматты қалыптастыруда және халыққа қолайлы жағдай жасауда жауаптыларға бірқатар міндеттер қойылды.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті