jasqazaq.kz

Шымкент: Қала әкімі білім нысандарын аралап, жөндеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды

07 қазан 2024, 15:07

Шымкент әкімі қазан айындағы жұмысын қаладағы білім нысандарын аралаудан бастады. Алдымен «Нұршуақ» және «Жұлдыз» шағын аудандарында салынып жатқан заманауи мектептердің құрылысында болып, жұмысын тексерді. Бұл оқу орындары пайдалануға беруге дайын. Сабақ оқу жылының екінші тоқсанынан басталады. Жұмыс барысымен танысқан әкім мердігерлерге бірнеше ескерту жасап, қысқа мерзім ішінде жоюды тапсырды. Бұдан кейін шаһар басшысы Тұран ауданындағы №33 жалпы орта білім мектебіне барып, жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Өткен аптада Ғабит Сыздықбеков осы мектептің бірінші қабатында ағымдағы жөндеу жүргізуді және кәріз жүйесін жаңартуды тапсырған болатын. Сол кезде ғимараттың техникалық жағдайы туралы қате қорытынды берген «STROYCORP» ЖШС-не қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданатынына уәде берген.

Шаһар басшысы қаладағы №4 балалар музыка мектебі, Әл-Фараби атындағы №113 жалпы білім беретін мектебі және М. Мәметова атындағы №111 мектептерінде де болды. Сондай-ақ жаңа «Оқушылар сарайының» құрылысын тексерді. Оқу орындарының ғимараты мен кабинеттерін, жалпы материалдық-техникалық базасын тексеріп, алдағы даму жоспарымен танысты.

Қазіргі таңда 120 орынға лайықталған музыка мектебі жалға алынған ғимаратта жұмыс істеп жатыр. Алайда жергілікті тұрғындардың басым бөлігі баласын осы мектепке бергендіктен, бұдан артық оқушыларды қабылдау мүмкіндігі жоқ.

Әкім №113 және №111 мектептердің бос ғимараттарын да көріп шықты. Сараптама қорытындысы оларды апатты жағдайда деп танығанымен, визуалды тексеру барысында бұл күмән тудырды. Осыған байланысты ғимараттардың техникалық жағдайына қайта сараптама жүргізуді тапсырды.
Сараптама нәтижесіне қарай, музыка мектебінің балансына беру мүмкіндігі қаралады.

Тағы бір айта кететін жәйт, №113 мектептің қарамағында тұрған бір гектардан астам аумақтағы бос жатқан жеміс бағы бар. Салалық басқарма бұл аумаққа жаңа музыка мектебін салуды ұсынды. Алайда жасыл желекті сақтап, аумақты абаттандыру мақсатында қала басшысы жауапты мамандарға ағаштарды кеспей, бақты мектеп балансынан қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына өткізуді тапсырды.

Ғабит Сыздықбеков «Оқушылар сарайының» құрылысында болып, мұндағы жұмысты жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ шаһар басшысы кезекті аралау қорытындысы бойынша аудан әкімдігі мен жайлы ортаны дамыту басқармасына аулаларды тазарту және ағаштарды санитарлық кесу жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ көше жарығы сияқты мәселелерді айрықша бақылауда ұстауды тапсырды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда