jasqazaq.kz

Шымкент: Қала әкімі барлық жұмыстың дер кезінде аяқталуын тапсырды

13 қыркүйек 2024, 15:15

Шымшаһар сияқты ірі мегаполисте түрлі саладағы жұмыс ешқашан толастамайды. Әсіресе, көшедегі жөндеу жұмыстары, су және кәріз жүйесі, тіпті аула атаулының тазалығына дейін жергілікті әкімдік тарапынан ұдайы қадағалауды қажет етеді. Содан да болар, қала әкімі апта сайын қаланы аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалауды жөн көреді.
Осы аптада да Ғабит Сыздықбеков аудан әкімдері және басқарма басшыларымен бірге қаланы жаяу аралап, көше мен аулалардың санитарлық жағдайын тексерді.
Атап айтқанда, Темірлан тас жолы, Жандосов, Адырбеков, Рысқұлов, Жібек Жолы көшелері және «БМК» каналы, «Түркістан (БАМ)» шағынауданы, 18-шағынаудан, «Мирас» және «Шапағат» шағынауданындағы санитарлық жағдаймен танысты.
Шаһар басшысы «Айқап» көшесі бойындағы «Түркістан» шағын ауданында жүргізіліп жатқан кәріз желілерінің құрылыс барысын көрді. Тексеру нәтижесінде мердігер ұйым өкілдеріне барлық жұмыс сапалы және уақытылы аяқталуы қажет екенін ескертті.
Сонымен қатар, Сасбұқаев көшесінен Адырбеков көшесіне дейінгі аралықта Жандосов көшесінің құрылыс жобасын қайта қарауды тапсырды. Себебі тұрғын үйлердің бұзылуына жол бермеу қажет.
Аралау қорытынды бойынша аудан әкімдіктері мен басқарма басшыларына көше мен аулалардың тазалығын қатаң бақылауға алып, қоқыстың уақытылы шығарылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Бұған дейін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен республикалық маңызға ие тарихи-мәдени қос нысан — «Ибрагим ата» мен «Қарашаш ана» кесенелерінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ретке келтірілген болатын.
«Ибрагим ата» кесенесінің аумағында санитариялық-гигиеналық торап салынып, ескі орындықтар жаңартылды. Сонымен бірге туристерге арнаған жаңа навигациялық тақтайша орнатылды.
Ал «Қарашаш ана» кесенесі аумағында санитариялық-гигиеналық тораптың құрылысы басталған еді. Жоспар бойынша бұл жұмыс ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталалуы тиіс. Кесене аумағында қосымша навигациялық туристік тақтайша, су жаңа орындықтар және жарық шамдары орнатылды.
Айта кетейік, жаңадан орнатылған ақпараттық тақтайшалар халықаралық туристік навигациялар үлгісінде әзірленген, яғни үш тілде нысан туралы аудиогид орналастырылған. Сонымен бірге мүгедек жандарға арналған тактильді алфавитті нысан анықтамасы да ұмыт қалған жоқ.
Осы аталған жұмыстар демеушілер есебінен мемлекет қаражатына салмақ салмай жүргізілді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда