jasqazaq.kz

Шымкент: Қала әкімдігінің қолдауымен жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

21 қазан 2024, 15:38

Шымкент сияқты үлкен шаһарда төтенше жағдайлардың алдын алу ісінде өрт қауіпсіздігін сақтауға ерекше мән беріледі. Бүгінгі күні қалада 10 өрт сөндіру бөлімі бар. Алдағы уақытта олардың санын 22-ге жеткізу көзделген.

Күні кеше Сайрам тұрғын алабында № 6 өрт сөндіру бөлімінің жаңа ғимаратының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Жаңа нысан мемлекет тарапынан, қала әкімдігінің қолдауымен іске асырылды. Ерлан Нұрпейісов жиналған қауымды құтқарушылар күнімен құттықтап, өрт сөндіру депосы халыққа қызмет ете беруіне тілектестігін жеткізді.

«Азаматтық қорғау саласы қызметкерлері үшін ең басты міндет – құтқару, көмектесу, қорғау, яғни өзгенің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, оны қауіптен аман алып қалу. Соңғы жылдары төтенше жағдайлар министрлігі өзінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударып отыр. Оған, міне, бүгін куә болып отырмыз. Жаңа өрт сөндіру депосы оқиға орнына жету уақытын қысқартуға және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бізге қолдау көрсеткен қала әкімдігіне алғыс айтамын», — деді вице-министр.

Қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов әкімдік тарапынан азаматтық қорғау саласына жеткілікті қолдау көрсетіліп жатқанын, бұл жұмыстар одан әрі жалғасатынын атап өтті.

Іс-шара барысында құрметті қонақтар № 6 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізіп, жаңа ғимаратты аралап көрді. Ғимаратта барлық жағдай қарастырылған. Атап айтқанда, диспетчерлік қызмет, демалыс, жатын, ас бөлмелері, спорт және мәжіліс залы, сондай-ақ, жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру үшін оқу-жаттығу мұнарасы орналасқан. Жалпы 50 адам қызмет етеді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?