Шымкент: Ғабит Сыздықбеков нысандарды аралап, тиісті тапсырмалар берді

04 қараша, 13:29

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау кезінде шаһардағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Қала басшысы ең алдымен Қаратау ауданына қарасты «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бөлімшесіне барды. Соңғы жылдары бүкіл ел аумағында қолға алынған бұл бірегей жоба зейнеткерлер арасында үлкен сұранысқа ие. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, орталықта 100-ге жуық зейнеткер екі ауысыммен арнайы әлеуметтік қызмет алады. Орталыққа келгеннен кейін олар міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Айта кеткен жөн, Шымшаһарда мұндай төрт орталық бар. «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» негізгі мақсаты — егде жастағы азаматтардың белсенді өмір салтын қалыптастыру және дамыту, егде жастағы азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Зейнеткерлерге арналған орталықта емдік дене шынықтыру, йога кабинеттері, би және фитнес залдары жұмыс істейді. Оған қоса, ағылшын, араб тілдерін үйренуге арналған сабақтар жүргізіледі. Мекемеде білікті мамандар, дәрігерлер мен психологтар қызмет атқарады.

Орталықта аға буын өкілдерімен әңгімелескен қала басшысы олардың жағдайын сұрап, ардагерлердің ұсыныс-тілектерін де тыңдады.

Әрмен қарай шаһар басшысы «Оңтүстік» индустриалдық аймағында «BESKUDUK TAS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын коралл түстес табиғи тас өндірумен және оны өңдеумен айналысады. Осында өндірілетін қыш тақта және кірпіш ғимарат сыртын қаптауға пайдаланылады.

Бұдан кейін «Кaspy Steel» ЖШС-нің қызметімен танысты. Литей зауыты жылына 1000 тонна болат пен шойын өндіреді.
Компания басшылығы технологиялық процестерді дамыту мен жетілдіру жоспарлары туралы ақпарат берді. Қала әкімі заманауи экологиялық технологияларды енгізу мен пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Ғабит Сыздықбеков: «Олар ең алдымен қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерлерді төмендетуге бағытталуы тиіс» — деп атап көрсетті.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?