jasqazaq.kz

Шымкент: Есірткіге қарсы күрес тәрбиеден басталады

15 қараша 2024, 16:31

Шымкент қаласында жастар мен жасөспірімдерге нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер мен мүдделі мемлекеттік орган өкілдері бірлесіп «Парасат» колледжінің студенттерімен кезекті кездесу өткізді.
Мұндай кездесудің басты мақсаты – нашақорлықтың және есірткі қылмысының алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып, жастарды сақтыққа шақыру болып табылады.
Тәрбиелік мәні бар кездесуде мамандар студенттерге есірткінің зияны, оның адамға алып келер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлеріне де тоқталды. Есірткіге құмарту өз өміріне ғана емес, қоғамға зияны тиетінін айтып, жастарға тура жол сілтеді.
Сондай-ақ өздерінің білімдері және тәжірибелерімен бөлісіп, өз жұмыстары туралы, өздерін және жақындарын қорғау үшін заңды білу қаншалықты маңызды екендігін айтты.
Кездесу соңында студенттер спикерлерге өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алуға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, мүдделі қызметтердің қатысуымен қаладағы барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы дәрістер өткізілуі жалғасуда.
Кезекті іс-шара Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жанындағы колледжінде өткізілді.
Аталған іс-шараға Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, Психикалық денсаулық орталығының және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.
Дәріс барысында мамандар жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.
Сондай-ақ, студенттерге түрлі жағдайларда қалай әрекет ету керегін түсіндіріп, психологиялық алғышарттармен бөлісті.
Шымкент қаласы Фараби ауданы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Нұржігіт Қалмұратұлы О.Жолдасбеков атындағы N’9 IT лицей оқушылармен кездесіп, маңызды профилактикалық жиын өткізді. Бұл іс-шараның басты мақсаты — жасөспірімдер арасында заң бұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Жиында жасөспірімдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Бұл жиын жас ұрпақтың заңды сақтаудағы жауапкершілігін арттырып, олардың қоғамдағы рөлін терең түсінулеріне ықпал етті.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды