jasqazaq.kz

Шымкент: Есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес жалғасуда

14 қазан 2024, 15:37

Шымкентте есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы жүргізілген күрес нәтижесінде 397 қылмыскер анықталған. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Арман –Арун Бейсенбаев мәлімдеді деп хабарлайды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция полковнигі жыл басынан бері мегаполистің полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстарын баяндап, жүйеге енгізілген жаңа алгоритім туралы айтты.
Қабылданған шаралар және профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде, бірқатар қылмыс түрлерінің саны төмендеген. Сонымен қатар, Арман –Арун Рашидұлының сөзінше, полиция қызметкерлері прокуратурамен бірлесе отырып 400-ден астам есірткіге қатысты қылмыстарды анықтады. Аталған қылмыстардың 75% ескірткі сату. Анықталған есірткі сату қылмысының 75% -ның 70% интернет желісінде орын алған қылмыстар. Сондай-ақ, 7 мыңнан астам есірткі жарнамаларының жойылғаның айтып өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамаларға сәйкес, ішкі істер органдарының қызметкерлері өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жалпы ел аумағында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.

Осы орайда, Шымкент қаласының полиция департаменті Ішкі істер министрлігі және қала әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, оқу жылы барысында қаламыздың барлық білім беру мекемелерінде, оның ішінде мектептерде, колледждерде және жоғарғы оқу орындарында жасөспірімдер мен жастар арасында есірткі қолданудың және нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізіп келеді.
Осы мақсаттағы жұмыстарда полиция қызметкерлері білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, проректорлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізуде.

Кезекті іс-шара Орта Азиялық жоғары медициналық колледжінде жалғасын тапты. Оған қатысқан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков көрсетілген мәселелер бойынша болашақ медицина қызметкерлеріне толыққанды ақпарат беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.

Сөз соңында студенттер аталған бастамаларды қолдайтындарын және алдағы уақытта оқуды аяқтаған соң осы бағытта жұмыс жүргізуге ниетті екендерін жеткізді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды