jasqazaq.kz

Шымкент: Еңбекші ауданында жолдар жөнделіп, жарықтандырылды

19 қараша 2024, 14:39

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта ауданда ауыз сумен қамту көрсеткіші 97 пайызға жетті. Биыл Жастар көшесі мен «Қазығұрт» станция аумағындағы 102 абонентті және Оңтүстік-Жаңақұрылыстағы 989 абонентті сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Строительная группа «Архитектор» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Ауданда ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткелдер бар.
Жол жағдайын жақсартуға жыл сайын айрықша көңіл бөлініп келеді. Мәселен, 2021 жылы 4 магистральдық және қала ішіндегі 53 көше асфальтталып, жөнделсе, 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көше орташа жөндеуден өтті.

Ал 2024 жылға ұзындығы 30,5 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 24 көшеде жұмыстар аяқталды. Қалған көшелерді асфальттау үшін мердігер мекемелер анықталған. Бұл жұмыстар келесі жылы аяқталуы тиіс. Сонымен қатар, 23 көшеге ұзындығы 10,3 шақырым жүргіншілер жолы салынды.

Қазіргі таңда аудан аумағында 117 көше жарықтандырылды. Жалпы 2021 жылы 18 көше жарықтандырылса, ал мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2022 жылы әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан 22 көше жарықтандырылды. 2023 жылы 28 көше жарықтандырылды.
Биылғы жылға 244 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда 129 көшеге жарықшамдар орнатылып, іске қосылуда. 115 көшеде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Ирригация бойынша аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 57 мекен-жай анықталған.

Осы салада атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, 2022 жылы су алу қауіпі жоғары 21 мекен-жайларға ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын ирригациялық арықтар салынды. Ал өткен жылы 19 мекен-жайға ұзындығы 8,1 шақырым ирригациялық арықтарды салу жұмыстарын мердігер мекемелер «Маверикс», «Сәтті құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүргізді.

Биылғы жылдан бастап Шымкент қаласының маслихат шешімімен ирригациялық арықтарды салу жұмыстары Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жүргізіледі. Қазіргі таңда 5 көшеге ирригациялық арықтар салынды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда