jasqazaq.kz

Шымкент: Биыл жұмыспен қамту шараларына 45860 адам қатысты

08 қараша 2024, 14:38


Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту мәселесі шешімін тауып келеді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеумаеттік қорғау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент қаласында биылғы жылы 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру көзделіп, 10 айдың қорытындысымен оған 45 860 адам (80,5%) қатысыпты.
Бүгінде жұмыспен қамту саласында жүзеге асырылып отырған мемлекеттік бағдарламалар да оң нәтижесін беруде. Биыл жоспар бойынша 30 207 жұмыспен қамту шараларына тарту мақсаты қойылып, оған 26 940 тұрғын қатысты.
Тарқатып айтқанда 3 741 адамның кәсіпкерлігін қолдау, 6 898 адамға субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама беріліп, 12 982 адамды бос жұмыс орындарына орналасты және 3 319 адамға кәсіптік оқытуға жолдама берілді.
Сондай-ақ, 26 482 адамды Шымкент қаласында жүзеге асырылып жатқан концепциялар мен қаланың даму жоспары бойынша жүзеге асырылып отырған нысандарға жұмысқа орналастыру жоспары бекілсе, есепті кезеңде нақты 18 920 адам жұмысқа жолданған.
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәліметінше шаһарда жыл басынан бері 283 отбасыдағы 542 адам «қандас» мәртебесін алды. Ал 34 отбасыдағы 44 адам мәртебесін жарты жылға ұзартты.
Басқарма басшысы Жанат Өтебаева Шымкент қаласында қандас мәртебесвін алған азаматтардың да жұмыспен қамтылу көршеткішін атап өтті.
«Қандастардың 259-ы – ер, 283-і – әйел, 18 жасқа дейінгі жастар саны – 168, зейнет жасында – 63 адам. Оның ішіде еңбекке қабілеттісі – 311. Атажұртқа қоныс аударғандардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасының еншісінде — 441 адам, Қырғызстаннан – 1, Ресейден – 6 адам және Түркіменстаннан – 2 адам келген. Бүгінде қоныс аударған қандастардың көбісі құрылыс пен сауда-саттықпен және басқа да жалдамалы жұмыстармен айналысып жатыр»,-деді Ж.Өтебаева.
Шымкент қаласында қандастарды қоғамға бейімдейтін арнайы орталықта 18 отбасынан 46 адам қызмет алып жатыр. Ал, Еңбек мобильділігі орталығының қызметіне 96 адам жүгініп, 48 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан.

Атап айтқанда 14 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданса, 3 жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасына, 3 адам «Қоғамдық жұмысқа», 9 қандас «Алғашқы жұмыс орындары» бағдарламасына және 1 адамға «Күміс жас» жобасына жолдама берілді.
Сонымен қатар, 18 қандас «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту курстарында білімін жетілдірді.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды