Шымкент: Бірлік пен береке — ынтымақтың алтын көпірі

17 қазан, 12:10

Шымкентте қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті. Бұл туралы Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Этнос өкілдерін қоғамдық бастамаларға ұйыстыру арқылы мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына топтастыру, ұлтымыздың қонақжайлық, сыйластық сынды игі дәстүрін дәріптеуді көздеген игі іс-шараға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі сынды қоғамдық құрылымдарының мүшелері, зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері қатысты.
Өткен жылдары ет асудан, қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеуден және ұлтымыздың ұмыт бола бастаған тағамдарын дайындаудан өзара сайысқа түскен этнос өкілдері биыл қазақ тағамдарынан дастархан жайып, қалың көпшіліктің назарына ұсынды. Ортақ қазанда ет асып, әр үстел басындағы қонақтарға табақ тарту арқылы қазақтың салт-дәстүрі мен дастархан мәдениетін меңгергенін жұртшылыққа көрсетті.

Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін фестивалдің маңыздылығына тоқталған қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы аталған іс-шараның жалпыұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақ жадында жаңғыртуға сеп болатынын айтты.

– Өткеніміз бен бүгінімізді салыстырған жанға бүгінгі іс-шараның мәнін ұғу аса қиын емес. Кеңестік дәуірде қазақ еліне жер аударылғандар алдыңғы буынның кең пейілі мен дархан дастарханының арқасында осы күнге аман-есен жетті. Сыйластық, достық, қонақжайлық – бұл ұғымдар барша отандастарымыздың дүниетанымы мен өмір салтының негізінде жатыр. Осындай құндылықтардың арқасында біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда бейбітшілік пен қоғамдық келісім сақталып отыр, деді Айгерім Жұмағұлова.

Дастархан басында бата берген қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев «Қазақ дастарханы» фестивалінің мақсаты – ас ішіп, ыдыс босату емес. Бүгінде баршамыздың Қазақстан деп аталатын мемлекетте тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанымызды жұртшылыққа жеткізу. Бір қазаннан ас ішіп, бір дастархан басында басқосып, өзара сыйластықпен, татулықпен тұрып жатқанымызды көрсетуді көздейтінін баса айтты.
Қалалық «Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығының» мамандары қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы жан-жақты мағлұмат берді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 қазан, 14:34
Президент: Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ мемлекетін құру ісінде шешуші роль атқарғанын міндетті түрде айтуымыз қажет
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза