jasqazaq.kz

Шымкент: Білім сапасын арттыруға арналған жиын өтті

14 қараша 2024, 13:58

Шымкент қаласы Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Т.Рыскұлов атындағы №25 мектеп-гимназия базасында «География пәнінен білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері» тақырыбында мұғалімдерге арналған қалалық тәжірибелік семинар өткізілді. Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, семинардың мақсаты — білім алушылардың функциоалдық сауаттылығын және білім беру сапасын арттыру барысында оқыту мазмұны мен әдістерін қалыптастыру.

Аталған семинар Әдістемелік орталықтың әдіскері Р.Аулыбаеваның ұйымдастырумен өткізілді. Семинар барысында Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясының мұғалімдері Р.Б.Қатбай, Ж.Кененбаева, Г.Баумышева білім алушылардың білім сапасын арттыру барысында қолданатын тиімді заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып тәжірибелік сабақтар көрсетті.

«Білім сапасын арттыруға бағытталған семинарлар әдістемелік орталық тарапынан жиі ұйымдастырылады. Біздің басты көздегеніміз қазіргі білім жүйесіндегі әр пәнді жүйеге келтіру. Сонымен қатар білім сапасын арттыруға арналған әдістемелік жұмыстарды жүргізу. Бүгінде оқушылардың білімге деген зейінін арттыру, одан бөлек білім беру арқылы олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге жағңа моделдер бекітілуде. Қазіргі таңда әр ұстаз өзінің жеке жұмыс жоспарнан бөлек, сабақты қызықты өткізуге арналған әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолщданады. Семинардың маөсаты ой бөлісу, тәжірибе жинақтай»,- деді Р.Аулыбаева.
Сонымен қатар семинарда «Біртұтас тәрбие бағдарламасын қысқа мерзімді жоспарына кіріктірудің маңызы» тақырыбында №97 жалпы орта білм беретін мектебінің география пәні мұғалімі Б.Алтыбаев және «Білім беру мазмұны арқылы құндылықтарды сіңіру процесі» тақырыбында №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Н. Стаценко қысқа мерзімді сабақты жоспарлауда ұлттық құндылықтарды енгізу, тақырыппен байланыстыру аясында сұрақтарға жауап берді.

Нәтижесінде қатысушылар қазіргі қоғамдағы сұранысқа лайықты кәсіби жаңашылдықпен танысты, тәжірибелік семинар өз мақсатында жетті. Мұғалімдер үздік сабақтарды талқылап, тиімді педгогикалық әдістерді үйренді,сондай ақ өзара пікір алмасып, ризашылықтарын білдірді. Аталған іс-шараға қала мектептерінен 80-ге жуықпән мұғалімдері қатысты.
Білім беру бағдарламаларының басты ерекшелігі – білім алушы жастарды өзгерістерге әрқашан дайын болуға үйрету.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Білім басқармасы

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ