jasqazaq.kz

Шымкент: Балалардың қауіпсіздігі басты назарда

03 қазан 2024, 13:32

Әрбір ата-ана үшін баладан асқан бақыт жоқ. Сондықтан олардың амандығы мен қауіпсіздігі бірінші орында болуы қажет. Дегенмен, жыл сайын балалар арасындағы жарақат пен жазатайым оқиғалардың көбеюі көңілді қатты қынжылтады. Бұл әрине, ең бірінші, ересектердің назарының жеткіліксіздігінен туындап жатады. Осыған орай Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері балалар қауіпсіздігі жөнінде бірқатар іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Ең алдымен іс-шара барысында «Өрт қауіпсіздігі», «Уланудың алдын алу» тақырыбында ата-аналармен жиын өткізіліп, оларды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Жиында қызметкерлер ата-аналарға кеңес берді. Онда балаларды қараусыз қалдырмауды, оларға терезелердің жанында және ықтимал қауіпті жерлерде бақылау жасауды қамтамасыз етуді айтты. Сондай-ақ, терезелерге қорғаныс торларын орнатуды, сіріңкелер мен оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қоюды ескертті. Сондай-ақ, балаларға қауіпсіздік негіздерін үйретуді міндеттеді.
«Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық. Мұның бәрі балалар қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан істердің бір парасы ғана. Тәртіп пен тәрбиенің ұштасуы қауіпсіз қоғамды қалыптастырады. Балалар қауіпсіздігі әрқашан басты назарда болуы тиіс»-деді, Әл-Фараби ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері.


Сонымен қатар Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Төтенше жағдай басқармасы қызметкерлері аудан аумағында орналасқан 16,17,18, шағын ауданда орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғын үйлерде “Жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау” және “Көп қабатты тұрғын үйлерде қауіпсіздік шараларын естен шығармау” тақырыптарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында Төтенше жағдай басқармасы қызметкерлері жазатайым төтенше жағдай орын алған кезде алғашқы іс-әрекеттерді қалай істеу керектігін тұрғындарға түсіндірді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды