jasqazaq.kz

Шымкент: Азаматтарды қабылдау күні 250-ден астам өтініш қаралды

07 қазан 2024, 15:41

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру» міндетін қойған болатын. Содан бері билік пен қоғам арасындағы байланыс механизмдері жетілдірілді. Бүгінгі күні еліміздегі кез келген аудан, облыс немесе қала басшылығының тұрғындармен жиі кездесіп, өтініш-ұсыныстарына құлақ асып, тиісті шааларды қабылдауы үйреншікті құбылысқа айналды. Бұл орайда Шымкент қаласы әкімдігінің тәжірибесі үлгі етуге тұрарлық.

Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков апта сайын қаланы аралау кезінде тұрғындармен кездесіп, кезек күттірмейтін шаруалар жайында жылдам біліп отырады. Оның үстіне ай сайын әкідік ғимаратында жеке қабылдау өткізеді.

Қабылдау әкімдіктің фронт-офисіне келіп, арнайы жазылған тұрғындардың тізімі бойынша жүргізіледі. Оған қоса, азаматтар әкімдік ғимаратының бірінші қабатында қала әкімінің орынбасарларына, басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне ұсыныстары мен өтініштерін білдіре алады.
Қазан айы бастала салысымен қала әкімдігінде мегаполис басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтарды кезекті қабылдауды өткізді. Тұрғындар түрлі абаттандыру және коммуналдық-шаруашылық, бизнес жүргізу, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, автомобиль жолдары, жер қатынастары және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды. Қала әкімі әрбір өтінішті егжей-тегжейлі қарап, барлық шешімдер заң шеңберінде қабылданатынын атап өтті.

Шымкент әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді. Жалпы мемлекеттік қызметшілерден 250 адам консультациялар, көмектер және кеңестер алды.

Мұндай қабылдаулар жергілікті атқарушы органдарға туындаған мәселелерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Ғабит Сыдықбеков жауапты тұлғаларға халықпен кері байланысты күшейтуді, ал туындаған мәселелерді шешу кезінде азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын ескеруді тапсырды. Осылайша Шымшаһарда Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы ойдағыдай жүзеге асып жатыр.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды