jasqazaq.kz

Шымкент: «Астана Опера» шаһар төрінде өнер көрсетті

02 қазан 2024, 14:00

1 қазанда ЮНЕСКО-ның Халықаралық музыка кеңесінің шешімімен жыл сайын Халықаралық музыка күні атап өтіледі. Осы күнге орайластырып, Шымкент қаласына алғаш рет «Астана Опера» труппасы келді. Елімізге танымал өнер жұлдыздары да қатысқан концерт Шымкент қалалық опера және балет театрында өтті. Концерттің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек және Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Ілиясова қатысты.

Шымкент — ежелден қонақжай қала. Бұл жолы да сол дәстүрден айныған жоқ. Концертке келген көрермен Астанадан келген әртістерді тік тұрып, зор құрметпен қарсы алды. Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткерлер Жұпар Ғабдуллина, Жанат Шыбықбаев, Бибігүл Жанұзақ, Бағдат Әбілханов және өзге де сахна майталмандары жиналған қауымның алдында өнер көрсетті.
«Астана Опера» опера труппасының директоры Мейір Байнеш «Қалаларды біріктірген музыка» атты жоба аясында еліміздің мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл музыкалық шарада елордалық труппа қазақстандық композиторлардың туындыларымен қатар, әлемдік опера жауһарларына толы жарқын бағдарламаны көрерменге ұсынды.
Мейір Бейнеш өз сөзінде: «Бұл гастроль Қазақстан бойынша турлар географиясын кеңейтіп, қаладан қалаға ауысқан классикалық өнердің өзіндік бір сипатына ие болмақ. Теаатр сахнасының шағын болуына байланысты, біз кейбір қойылымдарды ұсына алмадық. Сол үшін оркестрь құрамынан 35 адам, хор орындаушыларынан 38 адам және солистерді әкелдік»,- деді.

Ол сонымен бірге осы кеште отандық композиторлардың туындыларын орындауға айрықша маңыз берілгенін де атап өтті.
Соның бірі және бірегейі Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан «Шегенің термесі» мен М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсынан «Айтыс» сахнасы сынды ұмытылмас сәттер, тыңдармандарға зор әсер қалдырды.

Ал Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің орындалуы әртістердің де, көрерменнің көңілін толқытып, отансүйгіштік сезімді паш етудің бір көрінісі болғаны анық. Осындай шабытқа толы барлық өнер туындылары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігіндегі «Астана Опера» симфониялық оркестрінің және хорының сүйемелдеуімен, асқан шеберлікпен орындалды.

«Астана Опера» опера труппасының директоры Мейір Байнеш бұл жайында былай деді: «Шығармалардың барлығы ұлттық музыкалық мәдениетті көрсетті. Қазақ тарихына терең үңілетін оңтүстік жұртшылығының әсте көңілінен шықты деген ойдамыз. Оларды орындау түп тамырымызға оралу дегенді білдіреді».

Концертке келген Шымшаһар тұрғындары мәдени шарадан ерекше ләззат алып, рухтанып қайтқаны сөзсіз.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда