jasqazaq.kz

Шымкент: Әр азаматтың мәселесіне назар аударылды

04 қараша 2024, 12:40

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева азаматтарды жеке қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Аталған басқарманың баспасөз қызметі мәлімдегендей, қабылдауға келген азаматтардың арасында мүгедектігі бар бала бағып отырған ата-аналар болды. Бірі мемлекеттік әлеуметтік көмек алуға ықпал етуді сұраса, басқалары медициналық мекемелерге қатысты шағымдарын білдірді. Жанат Өтебаева әр азаматтың мәселесімен жеке-жеке танысып, барлығына заң аясында тиісті көмек көрсетті.

Сонымен қатар, Қайнарбұлақ елдімекенінің тұрғыны егде жастағы әйелді қарттар үйіне орналастыру бойынша көмек сұрады. Ол қарт кісінің жалғыз қараушысының қайтыс болғанын және жалғыз қалғанын атап өтті. Арызданушыға басқарма басшысы қажетті құжаттарды жинақтап, қайта келу керектігін түсіндірді.

«Табысқа апарар жол» акциясы аясында, яғни жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамту жөнінде көмек сұрап келгендердің қарасы қалың болды. Самал-3 мөлтек ауданының тұрғыны екі қолға бір күрек таппай, қиындықтарға тап болғанын жеткізді. Мамандар оны жұмыссыз ретінде тіркеуге алып, алдағы аптада жұмысқа жолдама берілетінін хабарлады.

Азат мөлтек ауданының тұрғыны ІІ топ мүгедектігі бар баласына жұмыс тауып беру бойынша көмек сұрады. Оның мәселесі оң шешімін тапты, баласы «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасатын болды. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін азамат зейнет жасының келіп қалғанын айтып, зейнетке шыққан соң жаңа жұмыс тауып беруін сұрады. Оған әзірше қазіргі жұмысын жалғастыруын, алдағы уақытта қажетті көмектің көрсетілетінін жеткізді.

Қабылдауға қатысқан тұрғындардың басым бөлігі шипажайға жолдама кезегі бойынша шағымын жеткізді. Қазіргі таңда зейнеткерлердің шипажайда сауықтыру емі үшін жолдама кезегі geo-shym.kz порталы арқылы автоматтандырылған. Кез келген зейнеткер кезек ретін үйден шықпай-ақ, ұялы телефоны арқылы бақылай алады.

Бүгінде кезекке 26 мыңнан астам зейнеткер тіркелген. Жыл сайын қала мәслихатының шешімімен 5 мың зейнеткерге тегін жолдама беру қарастырылған. Одан бөлек, «Ізетті Зейнеткер» сауықтыру кешені жылына 2 мың зейнеткерге емдік-сауықтыру қызметін көрсетеді. Жанат Өмірсейітқызы зейнеткерлерге шипажайға жолдама кезегі жөнінде түсіндіріп берді.

Мұнан өзге, қабылдауда мүгедектігі бар азаматты тұрақты жұмыспен қамту мәселесі де көтерілді. Бұл жөнінде басқарма басшысы тиісті сала мамандарына тапсырма жүктеді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті