jasqazaq.kz

Шымкент: Әлеуметтік нысандар құрылысы ауқымды

19 қараша 2024, 15:57

Шымкентте түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында ондаған көпқабатты үй тұрғызылып, халық саны да артып келеді. Сәйкесінше балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік нысандарға сұраныс жоғары. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шаһарда әлеуметтік нысандар құрылысын салуда ауқымды істер қолға алынған. Әсіресе қалада білім саласы нысандарының құрылы қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде: Жаңа құрылыс – 7 нысан, атап айтсақ, (№39 (375 орын), №50 мектептерге қосымша ғимараттар (575 орын), Тельман 1200 орындық мектеп, Тұран шағын ауданында. Одан бөлек, 2 оқушылар сарайы-500 орын, Сайрам шағын ауданындағы №10 колледжге қосымша ғимарат-300 орын, №2 мектеп-интернат — 40 орын, С.Рахимов атындағы мектеп) бар. Ал күрделі жөндеуден – 5 нысан өтеді. (№8, 48, 80, 120 мектептер, Шымкент аграрлық-техникалық колледж ғимараты).

Осы аталған нысандардың 4-еуін биылғы жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған. Қалған 3 нысанның құрылысы (№50 мектепке қосымша ғимарат, Тельман 1200 орындық мектеп, С.Рахимов атындағы мектеп) 2025 жылы аяқталады. Ал, 4 күрделі жөндеу нысандары толығымен жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылса, қалған 1 нысан құрылысы (Шымкент аграрлық-техникалық колледж ғимараты) 2025 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, 4 200 орынға арналған 12 білім нысандарының жобалау-сметалық құжаттары дайын. Нақтырақ айтар болсақ, № 16, 19, 25, 41, 53, 66, 68, 82, 116, 121, 122 мектептерге қосыша ғимараттар және Сайрам т.а. 300 орынға арналған жатақхана құрылысы бар.

Бұдан бөлек, 4 күрделі жөндеу нысандарының (№ 96 мектепті күрделі жөндеу, № 126 балабақшаны күрделі жөндеу, №1 лицей-интернатты күрделі жөндеу, №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын күрделі жөндеу) жобалық — сметалық құжаттары әзірленуде.

Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысын іске асырылуда. Соның ішінде, 11 мектептің (15 800 орын) құрылысын 2024 жылы ал, 7 мектептің (12 200 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар шаһардағы мәдениет нысандарының құрылысы қарқынды жүргізілді. Бүгінге дейін 5 мәдениет нысандарының құрылысын салу жопарланған болатын. Олар: Өтеміс, Базарқақпа, Көкбұлақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабтарындағы мәдениет үйлерінің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Бәйдібек би №115/1 ғимаратын қайта құру құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, Опера және балет театрының жобалау-сметалық құжаты әзірленуде.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда