jasqazaq.kz

Шымкент: АЭС құрылысы жас мамандарға мол мүмкіндік береді

11 қыркүйек 2024, 15:17

Еліміздегі жетекші техникалық жоғары оқу орны – Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері болашақта отандық атом индустриясында қызмет ете алады. Олар бұған қажет білім мен біліктілікке ие. Сонымен қатар, АЭС еліміздегі өндірісті және көптеген мәселелер бойынша ғылыми зерттеулерді жаңа деңгейге көтере алады. Бұл туралы АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Шымкент қаласында студенттермен, жас ғалымдармен және белсенділермен кездесу барысында айтылды, деп хабарлайды аталған оқу ордасының баспасөз қызметі.

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов атом электр станциясы экономиканың, өнеркәсіптің, білімнің, ғылым мен техника әлеуетінің дамуына тың серпін беретін аса маңызды жоба екенін ерекше атап өтті. АЭС түрлі тәуекелдің алдын алып, елімізді қуатты энергетикалық базасы бар прогрессивті мемлекеттердің қатарына қосады.

«АЭС салу – бір күннің мәселесі емес. Жобаны іске асыру он жылды, тіпті одан да көп уақытты алады. Бәріңіз де экономикасы дамыған, болашағы зор, қуатты да тәуелсіз Қазақстанда өмір сүргілеріңіз келетіні сөзсіз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың да көздегені – осы. Қазіргі қолға алынып жатқан істер, ең алдымен, сіздер үшін жасалып жатыр. Ендеше, батыл шешім қабылдайтын уақыт жетті. Ал батыл шешімді қабылдайтын – жастар! Болашақ-жастардың қолында. Олай болса, алдағы референдумда АЭС салуға қолдау көрсетіп, өз болашақтарыңыз үшін дұрыс таңдау жасауларыңыз қажет», – деді Ерлан Қошанов жастарға қарата айтқан сөзінде.

АЭС құрылысы жастарға, әсіресе жас мамандарға мол мүмкіндік береді. Атап айтқанда, лайықты жалақысы бар онмыңдаған жаңа жоғары білікті жұмыс орны құрылады. Осы мақсатта атом энергетикасын дамытудың болашақ мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кадр даярлаудың жеке Жоспары әзірленіп, оның негізінде қажетті мамандар даярланады. Жиын барысында жастарға АЭС құрылысы жүзеге асырылса, болашақта жаңа жұмыс орындары ашылып, білікті мамандар алдын ала даярланатыны айтылды. Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының түлектері АЭС құрылысына қатысуға және отандық атом индустриясында қызмет етуге қажет барлық мүмкіндікке ие. Болашақта атом энергетикасын дамытудың тиісті мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, онда АЭС қажеттілігіне қарай арнайы кадр даярлауға ерекше көңіл бөлінеді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚУ

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда