jasqazaq.kz

Шымкент: Абай ауданының инфрақұрылымдық дамуы қарқынды

19 қараша 2024, 13:15

Шымкент қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында бірқатар нысандар салынуда. Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай ауданында 21 жоба оның ішінде, 20 жобаның 18-і балалар алаңшасы және 2 спрот алаңшасы салынып пайдалануға берілді. Жалпы қаралған қаржы – 491,2 млн теңге. Сонымен бірге, жоба құны – 76,1 млн теңгені құрайтын халық қатысатын бюджет жобасы аясында 1 гүлзар Жиделі шағын ауданына салынуда.

Сондай-ақ, 22 көшеге 15 шақырым аяқ жол салуға – 200 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.
Аудан аумағына 20 қоқыс алаңшасын орнату және орталық көшелерге 363 дана қоқыс жәшіктерін орнатуға – 66,3 млн теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда жұмыстар аяқталған.

9 нысанға ирригациялық жүйелер орнатуға – 443,7 млн тенге қаржы қаралып, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жұмыстар атқарылуда.

Ал аз қамтылған отбасыларға, мүгедек күтуші, қолайсыз отбасыларға, тыл ардагерлеріне, пробация есебінде тұрған азаматтарға, жеке қабылдауға келген азаматтарға білдірушілерге демеушілер есебінен 659-ден астам отбасыға азық-түлік түрінде көмек берілді.
Ауданда жарықтандыру мәселесіне келер болсақ былтырғы жылы 13 көше жарықтандырылып, жарықтандырылған көшелер саны 193-қа жетті. Бүгінде ауданды жарықпен қамту көрсеткіші 15,1 пайызды құрады.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауданда 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 254 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 1,2 млрд теңге қаржы қаралды. Жұмыстар қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылуда.
Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 үй, 205 көп қабатты тұрғын үйде 257,7 мың халық орналасқан. Сонымен қатар, 1274 көшемен 230 әлеуметтік нысандар бар.

Бүгінгі таңда ауданды инфрақұрылым жүйелерімен, яғни ауыз су мен электр жарығымен қамту көрсеткіші 100 пайыз. Қазіргі таңда Асар-2 шағын ауданында электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ал табиғи газбен 23 елді мекен қамтылған ол 85,2 пайызды құрайды. Қамтылмаған елді мекендер саны – 4, ол 14,8 пайызды құрап отыр. Сонымен бірге бүгінгі таңда 2 елді мекенде табиғи газ қосылып, абоненттеу жұмыстары жүргізілдуе, ал қалған 2 елді мекенде Ынтымақ-2 шағын ауданы – 70 пайыз, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында 60 пайыз құрылысы аяқталған.
Айта кетер жайт, былтыр 3,1 млрд теңгеге 57 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал биыл 4,3 млрд теңгеге 74 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда