jasqazaq.kz

Шымкент: А.С. Пушкин атындағы кітапхананың 125 жылдығына орай конференция өтті

25 қыркүйек 2024, 12:49

Биыл Шымкент қаласындағы ғасырлық тарихы бар А. С. Пушкин атындағы кітапхананың 125 жылдығы. Мерекелік датаға орай аталған кітапханада халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының баспасөз қызметі.

Шымкент қаласында А. С. Пушкин атындағы кітапхананың 125 жылдығына орай «Кітапхана: Іздену. Жаңалық. Болашақ» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында кітапхана мәдениеті, кітап қоры, оқырмандар талғамы мен талабы сынды мәселелер де бірге қаралды.

Шымкент қаласының әкімдігі мен мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған бұл шараға ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы, сонымен қатар, Ресей, Өзбекстан елдерінен келген кітапхана саласының өкілдері, зиялы қауым, ақын-жазушылар, облыстық, қалалық, аудандық көпшілік кітапхана қызметкерлері мен кітапхана ардагерлері, оқырмандар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Конференцияға келген қонақтар мен шетел делегаттарына кітапхананың көрме экспозициялары таныстырылды.

Салтанатты кеште Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов сөз алып, кітапханашыларды мерейтоймен құттықтап, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың атынан арнайы кітапхана қызметкерлеріне құттықтау хатын табыс етті.

Шара барысында кеш қонақтарына кітапхананың тарихы мен жетістіктері, өткені мен бүгіні туралы деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар, конференция барысында Ресей Федерациясының Алматыдағы консулы Сорокина Наталия Геннадьевна, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қаласындағы өкілетті өкілі Момбек Әбдіәкімұлы құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана қызметкерлеріне алғыс хат ұсынып, кітапхана директоры Наталья Романоваға арнайы марапаттарын табыстады.
Биыл кітапханада мерекелік датаға орай, түрлі тақырыптық кездесулер, семинарлар мен ғылыми коференциялар өтеді. Сонымен қатар кітапхана оқырмандарына арналған кітап көрмесі, түрлі тақырыпқа сай арнайы кездесулер де ұйымдастырылады.
Жиын соңында көпжылдық тарихы бар А.С. Пушкин атындағы кітапхананың тарихын сөйлеткен «Тарихпен үндескен кітапхана» кітабының тұсауы кесілді.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда