jasqazaq.kz

Шымкент: 7433 адам бос жұмыс орындарына орналасты

11 қыркүйек 2024, 14:52

Елімізде халықты жұмыспен қамтуға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Әр өңірдегі мансап орталықтары халықты жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды таныстыруда. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасының басшысы Жанат Өтебаева «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырылуының барысы туралы есеп берді, деп хабарлайды Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі.
Партиялық бағдарламада халықты жұмыспен қамту және ерекше жандарға қолайлы орта қалыптастыру жөнінде14 іс-шара жоспары қолға алынған. Оның ішінде 9-ы жұмыспен қамту, 5 іс-шара ерекше қажеттілігі бар адамдарға жағдай жасау.
Басқарма басшысы Жанат Өтебаеваның айтуынша, жол картасында биылғы жоспар бойынша 17 мың адам жұмысқа орналасу тиіс болса, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 19 091 адам қатысып, жоспар 112,3 пайызға орындалыпты.
Ол: « 2 252 адам кәсіби оқытуға, 3 608 адам кәсіпкерлікті дамытуға, 5 798 адам субсидияланатын жұмыс орындарына, 7433 адам бос жұмыс орындарына жұмысқа жолданды. 5 жылда қалада 45 мың тұрақты жаңа жұмыс орны ашу жоспары бекітілсе, 2024 жылдың еншісінде 9 мың адам жаңа жұмыс орындарына орналасуы тиіс. Бүгінге дейін жоспар артығымен орындалып, 12 283 жұмыс орны ашылған. Биыл 3 154 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 2 452-і куәлік алды. 428 адамға 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант берілді»,- деді.
«Жастар практикасы» бойынша 1 464 жас маман жұмысқа жолданып, 1 143 жас «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына қатысып жатыр.
Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы аумағынан қосымша 50 орындық ғимараттың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
«Кедергісіз келешек» жол картасының негізінде қала бойынша биыл 245 нысанды бейімдеудің іс-шара жоспары жасалды. Бүгінгі күнге 132 әлеуметтік нысан бейімдеуден өтіп inva.gov порталына енгізілді.
Қазір қалада 4-ші «Белсенді ұзақ өмір» орталығын ашу үшін Нұрсәт тұрғын алабы №107 мекен жайда қажетті құрылғылар үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Нұрсәт тұрғын алабы №105 үйде «Бақытты жанұя» орталығының екінші бөлімі ашылады. Бүгінгі таңда, ғимаратқа қажетті материалдық техникалық құралдарды сатып алу мен ғимараттың коммуналдық жүйелеріне қосу жұмыстары заң талабына сай атқарылуда.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкен қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?