jasqazaq.kz

Шымкент: 54 мың тұрғынға қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

20 қараша 2024, 12:19

Шымкент қаласында биылғы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ауқымды жұмыстар қарқын алды. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде ақпараттық, профилактикалық және техникалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Маусымның басынан бері 54 мыңнан астам адам қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратпен қамтылып, әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінді.

Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы мәлімдеді.
Департамент өкілінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде 200-ден астам пост жарияланып, тұрғындарға қауіпсіздік шаралары түсіндіріліпті.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 123 материал жарық көрді, оның ішінде: 37 газет мақаласы, 23 телехабар, 63 радио хабарлама.

Қаланың шағын аудандарында 185 рет дауыс зорайтқышпен түсіндірме хабарламалар жасалды.
• 25 848 тұрғын үй араланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
• 68 интерактивті сабақ өткізіліп, 2 000-нан астам оқушы қауіпсіздік негіздерін меңгерді.
• Қоғамдық орындар мен шағын аудандарда 82 жиын ұйымдастырылып, оған 3 мыңға жуық адам қатысты.
Қаладағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен газдандыру жүргізілмеген тұрғын үйлерге ерекше көңіл бөлінді:
• 136 үйге газанықтағыш құрылғылар орнатылды, бұл улы газдың әсерін анықтап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
• 193 үйдің түтін мұржалары тазаланды, бұл пешті дұрыс қолдану арқылы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шара.

2024 жылғы 21 және 22 қараша аралығында елімізде «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығуды басқару штабы Ақмола облысының Көкшетау қаласында орналасқан. Бұл оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жоюға дайындығын тексеру және одан әрі жетілдіру мақсатында ұйымдастырылуда.

Оқу-жаттығу барысында Шымкент қаласында практикалық іс-шаралар өткізіліп, іс-қимылдар пысықталады. Атап айтқанда, 21 қараша күні сағат 11.00-де қала аумағында электр дабылдарын іске қосумен құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі. Бұл іс-шараның мақсаты – «Баршаның назарына!» бірыңғай ескерту сигналына әрекет ету тәртібін халыққа жеткізу болып табылады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет