jasqazaq.kz

Шымкент: 198,5 млн теңге тұтынушыларға қайтарылды

15 қараша 2024, 11:49


Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті айтарлықтай жұмыс атқарды. Биыл департамент 3908 өтінішті қарады, оның ішінде 3274 өтініш қанағаттандырылып, жалпы сомасы 198,5 млн теңге тұтынушыларға қайтарылған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті бастығының орынбасары Оспан Әбиев мәлімдеді.
Департамент «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның негізінде 10-нан астам азаматтың құқықтары бұзылған екі жағдайды анықтап, олардың құқығын қорғау үшін сотқа жүгінді. Нәтижесінде 280 мың теңге тұтынушыларға қайтарылды.
2024 жылдың алғашқы 9 айында Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында 4069 ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді. Оның ішінде БАҚ-та сөз сөйлеулер саны – 161, жарияланымдар саны – 254. Әлеуметтік желілерде де белсенділік жоғары болды: Инстаграмда 1818, Фейсбукта 1817 жазба жарияланып, жалпы саны 3635-ке жетті. Бұдан бөлек, тұрғындар мен кәсіпкерлерге түсіндіру мақсатында 19 брифинг өткізілді.
Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жеңілдету үшін «Е-тұтынушы» ақпараттық жүйесі арқылы белсенді жұмыс атқарылды. Осы платформада тіркелген пайдаланушылар саны 5774-ке жетіп, 1206 кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Тұтынушылардың өтініштерін қарастыру мақсатында біріңғай жүйе арқылы 178 өтініш түсіп, тиісті шаралар қолданылды.
Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында көптеген талап-арыздар бойынша сот отырыстарына қатысты. Нәтижесінде бірнеше жағдай бойынша тұтынушылардың құқықтары қалпына келтіріліп, сот оң шешім шығарды, ал жалпы сомасы 2 774 750 теңге тұтынушыларға қайтарылды.
Сот шешімімен қанағаттандырылған негізгі істер:
1. «Орынбасар-Сұлтан» ЖШС қызметі бойынша – департамент сотқа тұтынушылар тобының атынан талап-арыз беріп, 115 000 теңге сомасында өтемақы қайтарылды.
2. «SC CRAND» ЖШС қызметі бойынша – тұтынушылар тобының арызы бойынша сот шешімімен 165 000 теңге қайтарылды.
3. ЖК «Samurug Grup» және С.К. Алтынбекова арасындағы іс – сапасыз аяқ массажы құрылғысы үшін 343 000 теңге қайтарылды.
4. «Компания Эврика» ЖШС және В.В. Марков арасындағы іс – жарамсыз теледидар үшін 375 000 теңге өтемақы төленді.
5. «Белый Ветер» ЖШС-мен болған дау – сапасыз компьютер үшін 506 750 теңге, моральдық залал үшін 50 000 теңге, және өкілдік шығындар үшін 150 000 теңге қайтарылды және т.б.
Бұл істерде Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті белсенді түрде тұтынушылар құқығын қорғап, тұтынушылардың материалдық шығындарын қайтаруға елеулі үлес қосты.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ