Шымбұлақта балаңызды шыңдау тегін

24 қараша 2022, 15:49

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты 2022-2023 жылғы қысқы маусымды салтанатты түрде ашты. Биылғы маусымда жаңалық көп. Ең әуелі «Шымбұлаққа» келушілердің саны былтырғы нәтижемен салыстырғанда рекордтық көрсеткішке жетіп, отыр. Жыл басынан бері қарай Алатаудың бөктеріндегі әсем мекенге келушілердің саны 1 миллион 237 адамға жеткен. Және бұл көрсеткіш күн санап өсіп те жатыр. Қысқы маусымда 500 мыңнан астам адам келсе, жаздай «Шымбұлаққа» көтерілгендердің саны да 500 мыңнан асып отыр. Былтырғы жылдың он екі айында бұл жерге келуші туристердің сан 800 мыңға жетеқабыл болған. Демек, тауға қарап өсетін жандардың қатары көбейіп келеді деген сөз. Туристердің көбеюіне әлеуметтік жеңілдіктердің тигізер пайдасы зор. Аталған бағдарлама бойынша зйенеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, 5 жасқа дейінгі балалар тегін жүреді әрі тегін сырғанау құқығын пайдалана алады. Былтыр осы бағдарлама бойынша 90 160 бала, 8 962 зейнеткер «Шымбұлаққа» шығыпты. Көпбалалы отбасыларға да 30 пайыз жеңілдік қарастырылған.

Биылғы маусымда шаңғы мен сноубордты аяғына алғаш іліп, қадамын қалт-құлт бастаған жаңадан үйренушілер үшін бөлек сырғанау трассасы да ашылып отыр. Ендігәрі желдей жүйткіген сырғанаушылардың жолында ұмар-жұмар құлап жатушылар азайатын болады, соқтығысу қаупі де төмендейді.

Жаңадан шаңғы тебуді мұрат тұтқандар енді 3 шақырымдық «Қуаң сай» (Құрғақ сай) трассасында сырғанай алады. БАҚ өкілдеріне арнап өткізген баспасөз жиынына «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының бас директоры Ринат Әбдрахманов, коммерциялық директоры Владислав Семенов, қаржы директоры Алмас Кеделбаев, бас директордың орынбасары Ләззат Бастаубаева қатысып, ақжолтай жаңалықтарымен бөлісті.

Биылдан бастап қысқы маусымда «Шымбұлаққа» тек сырғанау үшін келмейсіз. «Эдельвейс» деп аталатын конференц-залы ашылды, мұнда іскерлік бағыттағы келелі кездесу өткізіп, мәміле құрып мәжіліс жасап, шеберлік сағатын өткізуге де мүмкіндік мол. Биыл жазда тау-шаңғы кешенінде балаларға мереке сыйлайтын орталық «El Kiddo Shymbulak» лагері ашылып жеткіншектерді қабылдаған болатын. Мұндай игі бастама қысқы маусымда да жүлгесін үзбек емес. Tan Media Cup, Shake Fest, Almaty Extreme Game сынды әуесқой шаңғышыларға арналған іс-шаралар өткізіледі.

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты кешені бас директорының орынбасары Ләззат Бастаубаева әлеуметтік бағдарлама бойынша аз қамтылған отбасының балалары мен аутизм сырқаты бар жеткіншектерге шаңғымен сығанауды тегін үйрететін курстар ашылғанын да мақтанышпен жеткізді. «Жасөспірім келушілер үшін «Ақ барсик» трассасы да биылғы маусымда ашылды. Қымбатшылық қос өкпеден қысқанына қарамастан аспалы жолдың билет құны бұрынғы баға бойынша сатылуда» деді Л.Бастаубаева.

Қалай болғанда да қызықтың бәрін тек барып көзбен көру керек. Қысқы спорттың қызығына кенелем десеңіз, «Шымбұлаққа» тартыңыз.

Қуаныш Рахмет

Бүгін, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
Бүгін, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады