jasqazaq.kz

Шұбаркөл мен Қаражыра кенішінде көмір бағасы арзандайды

09 маусым 2022, 10:17

«Шұбаркөл Көмір» және «Қаражыра» АҚ көмір кеніші бастапқы бағаны төмендетіп, биржалық сауда-саттықта өнім көлемін арттыратын болады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанында Биржалық комитетінің ұсынымдарына сәйкес, «Қаражыра» АҚ алдағы биржалық сауда-саттықта бастапқы бағаны 8 997 тг/т-дан 7 200 тг/т-ға дейін немесе 20% — ға төмендету туралы шешім қабылдады.

«Сондай-ақ, «Қаражыра» АҚ 2022 жылдың қыркүйегінен бастап тауар биржалары арқылы сатылуға жататын коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемін 10% — дан 20% — ға дейін арттыру туралы шешім қабылдады», — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Бұдан бұрын, биржалық комитеттің ұсынымдары бойынша «Шұбаркөл Көмір» АҚ тауар биржалары арқылы өткізуге жататын коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемін 2022 жылғы мамырдан бастап 10% — дан 20% — ға дейін ұлғайтты. Сондай-ақ көмірдің маркасына байланысты бастапқы бағалар 10% — ға дейін төмендетілді.

28 мамыр, 15:03
Түркістан: «Бірліктің бастауы» фотобайқауы өтті
28 мамыр, 14:50
Түркістан: 1069,5 тонна балық өнімдері шет мемлекеттерге экспортталды
28 мамыр, 14:36
Алматыда жол мәселесі қалай шешімін таппақ?
28 мамыр, 14:18
Түркістан: Ерте піскен қауын экспортқа жөнелтіле бастады
28 мамыр, 14:10
Түркістан: Ұлттық рухты асқақтатқан жас өскін
28 мамыр, 12:54
Әр бала маңызды: Түркістанда психологиялық қолдау жүйесі дамып келеді
27 мамыр, 15:51
Түркістанда балаларға арналған ерекше фестиваль өтті
27 мамыр, 15:15
Түркістан: Масылдыққа жол бермеу үшін жұмыс орындары көптеп ашылады
26 мамыр, 18:36
Түркістан қаласында биыл үш мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі