jasqazaq.kz

Шпекбаев жасырынып жүрген қазақстандықтар жайлы айтты

17 мамыр 2018, 10:29

Мемлекетке ақша жымқырудан келген жалпы шығын көлемі 1,1 триллион теңгеден асады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев интернет-конференция барысында айтты.

Оның айтуынша, бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 82 лауазымды тұлғаны іздестіріп жатыр. Олардың үштен екісі шетелде жүр. «Олар қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін, пара алғаны үшін, қылмыстық топтарды ұйымдастырғаны үшін, қаржы жымқырып, оны жаратқаны үшін іздестіріліп жатыр. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі 1,1 триллион теңгеден асады», — деді Алик Шпекбаев. Сондай-ақ, ол 2017 жылы 38 тұлғаның ұсталғанын айтып өтті. Айтуынша, 12-сі шетелде ұсталған. Олардың төртеуі Венгрия, Түркия және Ресей Федерациясынан экстрадицияланған, қалған сегізі енді экстрадицияланады.

Tengrinews.kz

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен