jasqazaq.kz

Шетелге тұрмысқа шыққан сіңлісінің өлімі жайлы айтты

16 мамыр 2018, 11:59


Бірінші жарынан ерте айырылып, екі ұлымен жетім қалған  Шәрипа Садыққызы  Дауылбаева араб жігітіне тұрмысқа шығып, үш жылдан соң өзіне-өзі қол жұмсап, өмірден өткен.

Сіңлісінің қайғылы қазасы жайлы «Әйел сыры» бағдарламасына келген әпкесі айтып берд.  NUR.KZ. хабарлағандай, шетелге кәрі кісіні қараймын деп кеткен Шәрипа ол жақтан өз махаббатын кездестірген. Тіпті ол анасының орнын басып отырған әпкесіне жігіт жайлы ешқандай мәлімет те айтпапты. Тек қана ол жігіттің өте қатты ауыратынын, үнемі химиотерапия алып жүретінін жеткізген. Сондай-ақ қазақ қызы танысқан жігітімен некеге тұрып Таиландқа көшіп кеткен.

Ол жақта үш жыл тұрғаннан кейін Шәрипа еліне қайтқысы келетінін айтып, әпкесіне жылап хабарласып жүріпті. Алайда біраз уақыт өткеннен соң жақындарына оның асылып өлгені жайлы хабар келеді.

«Шәрипаның денесін тексерген медициналық сараптама өзі асылып өлмегенін айтып берді. Оны алдымен тұншықтырып өлтіріп, артынша әдейі асқан. Өйткені, денесін шешіп алғанда көзі, аузы ашық қалыпты. Сондай-ақ өзі өлмегенін дәлелдейтін басқа да деректер болды. Бірақ біз ол жаққа ұшып барып, денесін аламыз дегенше уақыт өтіп кетті. Қызымыздың денесін зорға дегенде 5000 долларға сатып алдық. Ал ол жігітті соттатамыз дегенде, оның 2-3 ай ғана өмірі қалғанын білдік. Солай кешірім беріп, тиіспедік», — деп жан сырымен бөлісті кейіпкер.

Сондай-ақ Шәрипаның әпкесі қазақ қыздарына шетелдіктерге тұрмысқа шығуға асықпау керектігін айтты.  «Неке деген жай нәрсе. Заңды некеге отыру керек. Сонда қолдарыңызда құжаттарыңыз болады. Сонда мемлекет сіздерді қайда жүрсеңіздер де қолдай алады. Мен сіңілімді неге қорғай алмадым? Себебі, ол өз аяғымен барды. Ешқандай заңды құжаты да болмаған. Сондықтан өзі өлді деген документ жасаттық. Жігітті де жазалай алмадық», — деп кейіпкер өкінішімен бөлісті.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен