Алматылық Татьяна Бережная азаматтық некеге тұрған шетелдік күйеуінің үйіне, Иорданияға барған. Алайда келіншектің қайын жұрты оны жібергісі келмей, тіпті құжаттарын алып қойып, әбден әбігерге салыпт.
Татьяна бірнеше ай бұрын қыздарын алып, жолдасының Иорданиядағы туыстарына қыдырып барады. Ал азаматтың өзі болса Қазақстандағы кейбір мәселелерді шешкен соң, артыңнан барамын деп, оны шығарып салады.
Келіншектің айтуынша, күйеуі келмей кешіге беріпті. Ал қайын жұртындағылар оның құжатын алып, қайтып бергісі келмей жүрген. Уақыт өте, олар Татьянаның екі қызының азаматтығын өзгертіп, сол елде үш ай көлемінде мәжбүрлеп ұстайды.
«Біз қайта алмай жүргенде күйеуім келді. Енді ешқашан қайта алмайтын шығармыз деп қорықтым. Бірақ күйеуім бізге билет алып келіпті. Содан кейін бірден Қазақстанға келдік. Үйге оралғанымызға қуанып тұрмыз, енді ешқайда бармаспыз», — дейді әйел.
Татьяна елге оралған соң азаматтық некедегі күйеуімен айырылысып кеткен. Енді әйел қыздарының азаматтығын қайта қалпына келтіруді ойлап отыр.