jasqazaq.kz

Шетелден келетін құс еті денсаулыққа қауіпті

25 мамыр 2018, 14:38

Бүгінде шетелден, тіпті көрші Ресей мен Беларусьтан адам денсаулығына қауіпті құс еті жеткізіледі. Ал отандық өнімдер бірнеше тексерістен өтіп тұрады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшиннің айтуынша, отандық құс өнімдерін екі бірдей министрлік тексереді. Тауарды өндіру процесін ауыл шаруашылығы министрлігі бақыласа, денсаулық сақтау министрлігі дайын өнімді тексеріп отырады. «Бұдан бөлек, біздің территориалдық органдарымыз құс фабрикаларына жиі барып тұрады. Сонда отандық өнімдер үш бірдей тексерістен өтеді. Алайда, импорттық тауарды тек дүкенге түскенде ғана бақылауға алады. Соның салдарынан елімізге сапасыз тауарлар жеткізіледі. Бізге Ресей мен Беларусьтен құс еті көп келеді. Оның ішінде сапасыз, тіпті адам денсаулығына қауіпті өнімдер аз емес», — деді Ж.Бекшин «Атамекен» ҰКП-сында өткен кездесуде. Оның айтуынша, соңғы төрт айдың ішінде тамақ өнімдерінің біраз бөлігі тексерілді. Сол кезде тауардың құрамы мен сыртқы жазуларына қатысты бірқатар тәртіп бұзушылықтар анықталды. Мәселен, құс етіне су, тіпті фосфаты бар сұйықтықтарды қосып жатады. Соның нәтижесінде еттің салмағы артады. Айта кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шетелден келетін тауық етіне жасалған сараптаманың нәтижесін жариялаған болатын. «Біз сальмонелла, листерия, ішек таяқшасы сияқты потогенді микрофлорасы бар өнімдерді анықтадық. Соның ішінде «Брянский бройлер», «Чебаркульская птица», «Нагайбакск құс кешені», «ФинИнвест», «Инжевинск құс фабрикасы» және «Приосколье» бар. Бұның барлығы — Ресейдің өнімдері. Бұдан бөлек, АҚШ-тың екі компаниясы, сондай-ақ, Беларусьтың «Куриное царство Брянск», «Смолевича Бройлер», «Витебск бройлер фабрикасы», «Дружба құс фабрикасы» мен «Серволюкс Агро»-ның өнімдерінде қауіпті микрофлора анықталды», — деді бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

ҚазАқпарат

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен