jasqazaq.kz

Шекаралық жерлер жалға берілмейді

05 мамыр 2018, 11:16

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шекаралық жерлерді пайдалану мен Қазақстан аумағы арқылы өтетін арнайы америкалық жүк транзитіне қатысты екі заңға қол қойды.


Атап айтқанда, Елбасы Қазақстан Республикасының жер заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы жəне қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық темір жол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңдарға қол қойды. Бірінші заңға сәйкес, енді шекаралық аймақтарда орналасқан жер телімдерін жекеменшікке беруге және пайдалануға ресми түрде тыйым салынады.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен