jasqazaq.kz

Шаруа мен фермерге – 35 мың гектар

23 қантар 2023, 12:50


Елімізде жеке адамның иелігінде болуы мүмкін ауыл шаруашылығына арналған жердің шекті мерзімі бекітілді. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабектің айтуынша, орта есеппен, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты шаруа және фермер қожалықтары үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының шекті (ең жоғары) мөлшері — 35 мың гектар, заңды тұлғалар үшін – 51 мың гектар мөлшерінде белгіленді. Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасады.

«Ол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарды айқындауды, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар салатын айыппұлдардың шекті мөлшерін ұлғайтуды, сондай-ақ әкімдіктердің сауда-саттық пен конкурстарды және өткізбеу немесе уақтылы өткізбеу жауапкершілігін анықтауды және т.б. көздейтін мәселелер бойынша өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы әзірленді. 18 қаңтарда заң жобасы Парламент Мәжілісінің екінші оқылымында мақұлданып, Сенатқа жолданды», — деді Әбілхайыр Тамабек.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі