jasqazaq.kz

Самұрық-Қазына Шанxай Қор биржасында активтерін таныстырды

12 сәуiр 2018, 9:00

Трансформация және жекешелендіру бағдарламасы өзгеріс дәуірінде бұрын-соңды болмаған мүмкіндік болып табылады.

Шанхай қор биржасында «Самұрық-Қазына» АҚ ұлттық әл-ауқат қорының Инвестор күні атап өтілді. Қытайлық аудиторияға Қордың трансформациялау және жекешелендіру бағдарламасы туралы баяндалды.

«Қордың және оның қоржындық компанияларының дамуы Қазақстандағы оң өзгерістердің негізінде жүзеге асырылуда. Үкімет мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтып, ондағы жеке секторды белсенді түрде кеңейтуде және экономиканы жаңғыртуда зор табыстарға қол жеткізуде. Мен біздің қытайлық әріптестерді «Самұрық-Қазынаның» мұнай мен газ, көлік пен логистика, тау-кен мен телекоммуникация салаларындағы жобаларға белсенді түрде инвестиция салуға шақырамын», — деп атап өтті «Самұрық- Қазына» АҚ Басқарма төрағасы А. Есімов. Қор басшысы Ахметжан Есімов атап өткендей, «Самұрық-Қазына» трансформациялау бағдарламасының жүзеге асырылуы Temasek және Khazanah сынды әлемдік қаржы қорларымен бәсекелеске түсуіне мүмкіндік берді.

«ТМД елдерінің арасында Қазақстан көлемі бойынша Қытайдың екінші сауда серіктесі болып табылады және инвестициялар үшін басымдыққа ие. 2017 жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауда-саттық 18 млрд АҚШ долларына жетті. Қазақстан үшін «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысу және «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру екі елдің ынтымақтастығында маңызға ие инвестицияларға және инфрақұрылымды салуға жаңа мүмкіндіктер ашады», — деп атап өтті Шанхай қор биржасының президенті Хуан Хунъюань.

А. Есімов «Бұған қоса, жекешелендіру бағдарламасы бәсекеге қабілетті ортада 215 активті шығаруды көздейді. «Самұрық-Қазына» портфеліндегі кейбір компаниялардың жеке акционері бар. Мысалы, Қазақстандағы телекоммуникация нарығының көшбасшысы — «Қазақтелеком» АҚ және «Эйр Астана» АҚ» — деді. 2018 жылдың 1 ақпандағы көрсеткіш бойынша 130 актив сатылды. Ол жалпы соманың 67% -ын құрайды. Қор инвестициялардан түскен қаражатты жаңа жобалар мен өндірістерді дамытуға бөлмек.

Сондай-ақ «Самұрық Қазына» АҚ Басқарма төрағасы А.Есімов, Гонконг қор биржасының басшылығымен бірқатар кездесу өткізді.

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды