Әлеуметтік желіде қақаған аязға қарамастан жалаңаш жүрген жігіттің видеосы тарады, деп хабарлайды Caravan.kz.
Нақты айтқанда оқиға Семей қаласында болған көрінеді. Ақ қар, көк мұзда жалаңаш, жалаң аяқ көшеге шыққан жігітті әлде бір қыздар телефонға түсіріп алған. Олар тіпті «шұлық берейін бе» деп әзілдеп те қояды. Ал жігіт болса жауап ретінде би қимылдарын көрсетіп жіберіп, күлкіге қарық қылдырды.