jasqazaq.kz

Семейдің автобекеті қытайша жазылды

01 маусым 2018, 13:37

Семейде халықаралық автовокзал ғимараты сыртында ілінген қытай тіліндегі жазба көпшіліктің ашуын келтірді. Жазба әсіресе әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр.
NUR.KZ  хабарлағандай, халықаралық автовокзал сыртындағы қытай тіліндегі жазба желі қолданушыларының бірінің парақшасында пайда болған. Одан «Халықаралық автобекет» деген жазбаның орыс тілінде де ілініп тұрғанын байқауға болады. Сондай-ақ ғимарат сыртынан қытай тілінде жазылған жазбаны да анық көруге болады.
Мәселенің анық-қанығына көз жеткізу мақсатында автовокзал басшылығымен де тілдескен едік. Мекеме жетекшісінің айтуынша «бұл жазбаның ілініп тұрғанына 10 жылға жуық уақыт өткен және онда «халықаралық автобекет» деген тіркестің қытай тіліндегі аудармасы» тұр екен.
«Бізге былтыр да осы мәселемен хабарласқан болатын. Ол кезде шыны керек қазақша жазба болмаған еді. Біз тұрғындардың ескертуін ескеріп ана тіліміздегі «Халықаралық автобекет» деген жазбаны іліп қойдық. Ал қытайша жазу ол осы тіркестің қытай тіліндегі аудармасы. Неге қытай тілінде жазылып тұр дейсіздер ғой? Себебі автобекеттен Семей-Үрімжі бағытындағы автобустар жиі қатынайды. Сондай-ақ бұл бағытта Қытайдағы қандастарымыз көп жүреді, оларға кирилл қарпін түсіну қиын болғандықтан, осылай жазып қоюға тура келді», — деді вокзал басшылығы.
Десе де желі қолданушылары аталған жазбаға қатысты пікірлерін жаудырып жатыр. Олардың бірі «Семейлiктер намыс қайда. Жұлып тастаңдар болмаса жұлдырыңдар» десе, енді бірі «Қайда қарап отыр әкім мен әкімшілік, намыссыздар» деп жергілікті билікті сынға алып жатыр

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді