Семейлік өрт сөндірушілер автобустан шыққан өртті дер кезінде сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, облыстық ТЖД сілтеме жасап.
«Кеше кешке Абай көшесінде 1988 жылы шығарылған «Man» автобусы жүріп келе жатып өртенді. Өрт мотор бөлігіндегі тез жанатын бөшектерді қамтыды»,-деп жазылған хабарламада. Автобус өз маршрутын аяқтап, автопаркке қайтып келе жатқанда ойда жоқта жана бастаған. Өрт шыққан кезде салонда жүргізуші мен кондуктор ғана болған.
Тілсіз жау тез ауыздықталды, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір оқиғаның себептері анықталу үстінде. Өртті сөндіруге 2 техника мен жеке құрамының 7 адамы жұмылдырылды.