jasqazaq.kz

Сегіз айлық баланы ұрған медбике жұрттың ашуына тиді (видео)

09 сәуiр 2018, 10:03

Новосібірде әлеуметтік желілерде қала ауруханаларының бірінде түсірілген роликтің таралуына байланысты жанжал шықты. Видеожазбаға қалдырылған пікірлерде медбикенің тастанды баланы ұрғаны айтылады.

Оқиға 6 сәуірде болған делінеді. Әйел адам сегіз айлық қызды қарап жатып, төсекке лақтырып жіберген көрінеді. Видео авторы шапалақтың даусы шыққанын айтады. Оның айтуынша, видеоны дәрігерлерге көрсеткеннен кейін олар өз кезегінде баланы видеоға түсіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтып, онымен қоймай, таратпауын талап ете бастапты.

«Келінім видеоны түсіргеннен кейін дәрігерлерге көрсеткен, сөйтсе олар «Таратушы болма!» депті», — деп келтіреді видео авторының туысына сілтеме жасаған «Пятый канал». Новосібірдің Тергеу комитетінің тергеушілері БАҚ-та медбикенің сәбиді ұрып-соққаны көрсетілді деген видеоға қатысты тексеріс бастағанын айта кетейік.

tengrinews.kz

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды