jasqazaq.kz

«Саусақтарын сындырып, басынан ұрды»: Алматыда әйел көршісінің баласын сабап тастады

14 қараша 2024, 10:25

Алматылық келіншек 11 жастығ ұлын көк ала қойдай етіп сабап тастаған көршісінің үстінен шағым түсірді. Жасөспірім жарақат салдарынан ауруханаға түсті. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Жанжал екі баланың арасындағы түсініспеушіліктен басталған. Никитаның айтуынша, қатарласы оның телефонын сындырған. Бұл жағдайдан кейін ортаға жасөспірімнің анасы түскен.

“Төбелестен кейін мен кетіп қалмақ болдым. Телефонымды қолыма алдым. Ол телефонымды бір теуіп, жерге түсірді. Телефоным сынып қалды. Сөйтіп оның анасы келіп “Никита деген кім?” деді Басымнан ұрып, шашымды жұлды, қолымды тырнады”, – дейді ересек адамнан зардап шеккен жасөспірім.

Никитаның анасы Евгения Ряшенцева көршісінің ұлын ұрып-соққан сәті бейнекамераға түсіп қалғанын айтады.

“Әйел көлігінен түсіп, ұлыма шабуыл жасады. Ол оның шашын жұлып, саусақтарын сындырып, басынан ұрды. Мұның бәрі дәл осы жерде болды. Бас миының жарақаты, денесі көгерген жерлер, жаралар бар. Мұның бәрі видеода көрсетілген. Бұл әйел өзін ұстай алмайтынын көрсетті: полицияның алдында балағат сөздер айтты”, – дейді Евгения Ряшенцева.

Сондай-ақ оның айтуынша, әйел жасөспірімнің самокатын тартып алып, жерге ұрған. Баланың денесі қанталап, басы жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Жасөспірім қазір үйде емделіп жатыр, мектепке барып жүрген жоқ. Никитаның анасы полицияға арызданды.

“Аталған факті бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімі баланың денесіндегі жарақаттың ауырлығын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді шаралардың нәтижелері бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданады”, – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, полиция екі тарапқа татуласуды ұсынған. Бірақ жәбірленушілер айыпталушыларға кешірім беруден бас тартты. Олар балаға шабуыл жасаған әйелді жазалауды талап етіп отыр. Сот сараптамасының қорытындысы сәйкес оның қандай жауапкершілікке тартылатыны белгілі болмақ.

30 желтоқсан, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды