jasqazaq.kz

Саудагер: Көмір жоқ. Іздеген адам көп

31 қантар 2018, 12:36


Көмір үшін күрес әлі де жалғасуда. Бүгінде әсіресе Алматы қаласы, Алматы облысында қолда бар ақшаға отын іздеп жүргендердің қатары көп. Бұл жағдайды пайдаланып жатқандардың да дәурені жүріп тұр. Кейбір жерлерде көмірдің бір қабын 2500 теңгеден сатып жатыр. Алайда кеше ғана энергетика министрі Қанат Бозымбаев jasqazaq.kz сайтының Астанадағы меншікті тілшісінің көмір тапшылығына қатысты қойған сұрағына «Бұл мәселенің бәрін біз білеміз. Тиісті әкімдіктермен жұмыс жасап жатырмыз. Тиісті штаб құрдық. Қазір Алматы облысына және Алматыға 16 мың тонна көмір жөнелтілді. Бүгін, ертең сату орындарына жеткізіледі. Теміржол тасымалы бойынша ешқандай проблема жоқ. Вагондар жеткілікті. Көмір өңдейтін кәсіпорындарда да бұрынғыдай лимит жоқ. Мүмкіндігінше өңдеп жатыр. Бұл жердегі мәселе, жергілікті атқарушы мекемелер жағдайды бақылауда ұстап, өңдеуші кәсіпорынға тапсырысты уақытылы беріп отырса, ешқандай тапшылық туындамайды» – деп жауап берді. Алматы облысының әкімдігі де көмір тапшылығы жоқ деп отыр. Алматы облысы Тұздыбастау ауылының тұрғыны Талғат Исабеков біраз уақыттан бері көмір сатумен айналысады. Оған да хабарласып көрдік.

– Талғат, қазіргі көмір тапшылығына қатысты өз ойыңызды айтсаңыз. Не себептен қымбат сатып жатырсыздар?

– Мен өткен жылы көмір сатумен айналыса бастаған кезде көмірдің әр тоннасын 16-17 мың теңгеден алатынмын. Мысалы, бірден 8 тонна түсіріп аламын. Оны алғаш 144-145 мың теңгеден, ал кейін 152 мың теңге дейін алып жүрдім. Соңғы рет түсіргенде 8 тоннаны170 мың теңгеге алдым. Әр тоннасы 21 мың теңгеден айналды. Көмір осылай қымбаттап жатыр. Мен көмірді алғаннан кейін оны қаптап сатамын. Бір қабын ұсақ-ірісін араластырып сатқанда 1000 теңгеден, ал тек ғана ірісін сатсам 1200 теңгеден саудаланады. Бір қапта 37-38 келіден бар. Көмір әр түрлі болады. Шұбаркөл, Қаражырақ, Гамма, Жалын, Майкөбе деген көмір бар. Бұлардың ішінде ең жақсы өтетіні қызу және жылу мол көмір ол Шұбаркөл. Одан кейін Қаражыра жақсы жанады, жылуды көп ұстайды. Бірақ күлі көп шығады. Сондықтан Қаражырадан гөрі Шұбаркөлді көбірек алады. Гамма, Майкөбе деген көмірлерге қарағанда, Шұбаркөл мен Қаражыра жақсы өтеді.

– Қазір сізде көмір бар ма?

– Қазір көмір жоқ. Кеше Қызылтуда бір қапты 2500 мың теңгеден сатты. Тұздыбастауда мүлде көмір жоқ. Іздеген адам көп. Менде іздеп-іздеп таппадым. Қаланың ішінде Пятилеткада сатылып жатыр. Бірақ ол жерде де көмір жоқ. ГРЭС-те, Байсеркеде бар деп естідік. Кеше хабарласқанымызда жоқ деп айтты. Бүгін төрт вагон көмірді Қараой деген ауылға жібергенін естідік. Бізде басқа ақпарат жоқ.

Көмірге қатысты мәселені нақты білу үшін «Жас қазақ» газетінің журналисі көмір сататын орындарды аралап кетті. Материалдың толық нұсқасын газетіміздің жұма күнгі санынан оқи аласыздар.

Елдос Өмірзақ
Jasqazaq.kz

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті