Оңтүстік Қазақстан облысында атысқа қатысқандардың бірі қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ өкілі сілтеме жасай отырып.
«Кеше Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласында жергілікті тұрғын жеккөрушілік қарым-қатынастың негізінде көрші ауылдың тұрғынына оқ атты. Ер адам ауруханада көз жұмды», — деп хабарлады ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев. Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды. «Оған іздеу жарияланды. Күдіктіні ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», — деді Алмас Сәдубаев. Еске сала кетейік, осыған дейін ОҚО-да атыс болғаны жайлы хабарланған еді. Сондай-ақ, төтенше жағдай салдарынан екі адамның түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілгені айтылған еді.