jasqazaq.kz

Сара Тоқтамысоваға өнердегі әріптестерінің қылықтары ұнамады

04 маусым 2018, 11:28

Танымал айтыскер, соңғы уақытта той әндерімен танылып жүрген Сара Тоқтамысова телеарнадан бейнебаянын ұсынатын жартылай жалаңаш қыздарды сынға алды.
NUR.KZ. хабарлағандай, ақын өзгелердің бұндай істері үшін өзі ұялатынын айтты. «Бүгін теледидардан бір клипті көзім шалып қалды. Қазақи ортада өскен, қазақтың қызы әр клипте, әр кинода әртүрлі еркекпен біресе жабысып, біресе аймаласып түсе береді. Жәй бір ишара танытып құшақтасқандай болып, түсіп жатса мейлі ғой. Кәдімгідей жабысып, өзің ұяласың тіпті. Басқаша тәрбиеленген жан болса, мейлі ғой. Кәдімгі қазақша сайрап тұрған қазақтың қызы үшін қысыласың.

Сосын ойлап қоямын, мынаны көрген әке-шешесі: » Міне, менің қызым өнерлі»-деп кеудесін көтеріп мақтанып отырар ма екен? Әлде «осындайға жолап не керегі бар» — деп сәл де болса кейіс танытар ма екен. Менің әкем көрсе сондай өнерімді, тіпті қандай күйге түсерін елестету қиын.

Кейін жылдар өтеді. Күндер өтеді. Ол кино, клип дегенің бәрі арxив қой. Сақталып қалады дегендей. Сонда күйеуімен, бала-шағасымен еш қысылмай, әр жерде әркіммен жабысып тұрғанын міз бақпай, көріп отыра берер ме екен деп ойлаймын», — деді Тоқтамысова Instagram парақшасында.

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді