jasqazaq.kz

«SAQ-2024»: Мектеп мұғалімдерін төтенше жағдайда әрекет етуге дайындау бағдарламасы басталды

23 қазан 2024, 12:13

Астанада білім беру мекемелерінде табиғи және техногендік төтенше жағдай кездерінде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамытуға бағытталған мұғалімдерге арналған «SAQ-2024» білім беру жобасының бірінші кезеңі басталды. Жобаны «Шеврон» компаниясының қолдауымен Caravan of Knowledge КҚ мен Ұлттық еріктілер желісі әзірлеп, іске асыруда. Жобаның серіктестері — төтенше жағдайлар министрлігі және оқу-ағарту министрлігі.

Оқу-ағарту министрлігі төтенше жағдайларда адамдардың қауіпсіздігі мәселесінің өзектігін ескере отырып, төтенше жағдайдың алдын алу және оның барысында әрекет ету саласындағы білім мен дағдыларды арттыруға бағытталған мұғалімдерді оқыту бастамаларыңызды қолдайтынын, «SAQ-2024» жобасын мақұлдап, оны қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Жобада Абай, Атырау және Қостанай облысынан 18 мұғалім қатысады, олар болашақта SAQ қауіпсіздік офицерлері болып, өз мектептерінің оқушылары мен мұғалімдерінің қауіпсіз мінез-құлық бойынша білімдерін кәсіби түрде арттырып, қауіп-қатерлердің алдын алып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар барысында игерген дағдыларды іске асыруға дайындайды. Қазақстанның барлық аймақтарындағы жалпы білім беру мектептерінің 200 педагогі онлайн форматта оқып жатыр.

Жоба аясында 2024 жылғы қазанның 8 мен 11 аралығында онлайн және офлайн форматтарда мұғалімдерге арналған сертификатталған тренерлік бағдарлама өтті. Семей қаласының мұғалімі Кітапбаева Нұргүл: «Қазіргі заманда қауіпсіздік бірінші орында, төтенше жағдайдың алдын алу жобасы аясында алған біліміміз өте құнды әрі маңызды болды. Жобаның бізге берген тың білімі: төтенше жағдайлардың түрлері, оларға дайындық, алғашқы көмек көрсету әдістері және қауіпті жағдайларда әрекет ету бойынша көптеген пайдалы ақпарат алдық.

Мұндай жобаның маңызы өте зор, себебі қазіргі уақытта әрбір мұғалім мен оқушы осындай жағдайларға дайын болуы қажет. Жобада талқыланған тақырыптар күнделікті өмірде орын алуы мүмкін, сондықтан да бұл білімдерді оқу процесіне енгізу аса маңызды», — дейді.

«SAQ-2024» жобасы оқытудың инновациялық компоненттерін енгізумен қатар білім беру бағдарламасында сертификаттық құрамының бар болуымен ерекшеленеді. Заманауи цифрлық технологияларды, ынталандыру жаттығулары мен ойындарды пайдалану оқушылар мен мұғалімдерге материалды жақсырақ түсініп, игеруге, сонымен қатар төтенше жағдай кезінде әрекет ету дағдыларын іс жүзінде жүйелі түрде ұйымдастырылатын оқуда бекітуге көмектеседі. Осының бәрі әдеттен тыс жағдайлардың кері әсерінің алдын алуға және төтенше жағдайға дайын педагогтар мен оқушылар қауымдастығын құруға, білім беру мекемелерінде қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті мен менталитетін әзірлеуді қамтамасыз етуге көмектеседі.
Жобаға қатысушыларға STEM компонентін пайдалана отырып, жоба тақырыбы бойынша оқу-әдістемелік кешенін дамытуға грант беру жобасына қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

2025 жылғы наурызда жобаның серіктес мектептері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға оқушылар мен мұғалімдерінің әрекет ету алгоритмдерін және іс жүзінде дайын екенін көрсете алатын республикалық оқу өткізу жоспарланады.

Айдос Құсайынұлы

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті