Қазақстандық актер Санжар Мәдиев АҚШ-та кино саласында спортты насихаттағаны үшін табысталатын спорттық «Оскар»сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Baq.kz.
Бұл қуанышты жаңалықпен актердің өзі Facebook желісіндегі аккаунтында бөлісті.
«Нью-Джерси штатындағы Атлантик-ситиге бірінші рет келдім. Жаңа жылдағы алғашқы жұмыс сапарымда кино саласында спортты дәріптегені үшін берілетін спорттық «Оскар» сыйлығын алдым. Күтпеген сый болса да, қуаныштымын. Әрине, еңбегім сіңген артист болмасам да, бұл мен үшін құрметті марапат. Әрі қарай үлкен жұмыстар күтіп тұр. Жаңа жылда көптеген қызықты жоба болады, ал әзірге Нью-Йоркке қайтып ораламын», — деді Санжар Мәдиев Facebook желісіндегі ресми аккаунтында.
Еске сала кетсек, бұл марапатты 2016 жылы қазақстандық актер, продюсер Арман Асенов алған болатын. «Спорттық Оскар» сыйлығы әлемнің түрлі елінен келген спортшыларға, жаттықтырушылар мен каскадерларға, сондай-ақ, кинематография саласында белсенді жұмыс жасайтын мамандарға беріледі.