jasqazaq.kz

Санкт-Петербургтегі Инвестор күнінде «Самұрық-Қазына» активтері таныстырылды

25 мамыр 2018, 9:30

Әлемдік ең ірі зайырлы отыз қордың қатарына кіретін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Петербург халықаралық экономикалық қоры аясында өткен Инвестор күнінде өз компанияларын таныстырды.

Халықаралық және ресейлік компаниялар Жекешелендіру бағдарламасының аясында сатылымға шығарылған ең ірі қазақстандық кәсіпорындардың активтері туралы білді.

Отандық жекешелендіру бағдарламасына 876 актив кіреді. Оның 215-і «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қарауында. Сарапшылардың болжауынша, ең ірі активтер нарыққа IPO арқылы шығарылатын болады.

«Осы жылы біз экономиканың түрлі секторындағы ірі, орта және шағын компаниялар кіретін 50 активті жекешелендіруді аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз», — деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» қорының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

ПХЭФ-тің арнайы панельдік сессиясы барысында «Самұрық-Қазына» басшылығы Ресей мен Қазақстан арасындағы екіжақты сауда көлемінің соңғы жылдар ішінде төртен бірге артқанын атап өтті.

«Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуы бар 8300-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді, инвестиция көлемі 11,4 млрд АҚШ долларына тең. Бұған, бірінші кезекте, инвесторлар үшін қолайлы жағдайдың қамтамасыз етілуі себепші», — деді Ахметжан Есімов.

Қор басшысы Қазақстандағы мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасын инвесторлар үшін тамаша мүмкіндік деп атады. Панельдік сессия аясында ресейлік және халықаралық іскери қауымдастыққа энергетика, мұнайхимия саласындағы, тау-кен, көлік және логистика секторындағы Қор компанияларының тобы жүзеге асырып отырған бірқатар ірі инвестициялық жобалар таныстырылды.

Жекелей алғанда, жекешелендіру бағдарламасы аясында сатылымға шығарылған активтерін «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Біріккен химиялық компания» ЖШС қатысушыларға ұсынатын болады.

Жоспарланып отырғандай, үшкүндік форум барысында барлық қызығушылық танытқан инвесторлар және потенциалды стратегиялық серіктестердің қатысуымен «В2В» форматында кездесулер өтеді.

Петербург халықаралық экономикалық форумы –потенциалды инвесторлармен, бизнес-серіктестермен және сарапшылармен іскери байланыс орнатудың 1997 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан тиімді халықаралық алаңы.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры әлемнің ең ірі зайырлы отыз қорының қатарына кіреді, ал активтерінің көлемі 70 миллиард АҚШ доллары шамасында. Ұйым құрамында бүгінгі күні мұнай өндіру және өңдеу, химиялық өнеркәсіп, логистика, энергетика сияқты салаларда көшбасшы болып отырған компаниялар бар

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен