jasqazaq.kz

«Самұрық-Қазына» стратегиялық серіктес іздеуді жалғастырады

28 мамыр 2018, 18:30

«Самұрық-Қазына» қоры отандық капитал нарығына инвестицияның келуіне ықпал ететін факторлардың қатарына ел Үкіметінің жасаған қолайлы жағдайын да кіргізіп отыр.

Ресейлік инвесторларға арналған бейне көпір барысында «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері Жекешелендіру бағдарламасының қазақстандық активтерге нарық жағдайында капиталды тиімді жолмен салуға тамаша мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.
Қазір елге жаңа инвестиция тарту үшін салық жеңілдіктері қолданылады, барлық қажетті инфрақұрылым бой көтеруде және басқа да артықшылықтар енгізілуде. Алайда Қазақстандағы ең ірі ұлттық активтерге иелік ететін қордың да потенциалды стратегиялық серіктестеріне қоятын талабы бар.
«Бізде мұнай-газ, көлік, логистика секілді негізгі индустрияларда жұмыс істейтін қоржын компаниялар бар, негізгі бизнеске сәйкес серіктестерді де осы салалардан іздеп жатырмыз. Екінші желі – бұл жекешелендіру, сондай-ақ, үшінші беттің дамушы компаниялар, тау-кен кәсіпорындары екенін атап өткіміз келеді, мұнай-химия компаниясы бар, мұнда жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар стратегиялық серіктестерді қарастырып жатырмыз. 4-бағыт – бірлескен инвестициялар бойынша жобалар. Сонымен бірге, егер ресейлік инвестор қазақстандық нарыққа кіремін десе, бірақ бірлесіп жобаны жүзеге асыруға болатын жеке серіктесті таппаса, Қор стратегиялық миноритарлық серіктес ретінде үлес қоса алады, — дейді «Самұрық-Қазына» АҚ инвесторлармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Жанболат Кәкішев
Шара барысында ол «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қазақстандық тарап атынан қатысқан, жақында ғана аяқталған Петербург Халықаралық Экономикалық Форумындағы жұмысының алдын-ала нәтижелерімен де таныстырып өтті.
Сөз арасында ҰӘҚ өкілі «Самұрық-Қазынаның» жақын уақытқа қойған, Қордың 2028 жылға дейінгі жаңа Даму стратегиясына кірген негізгі мақсаттарының қатарында отандық компаниялардың тиімділігін арттыру, қоржынды тиімді басқару және тұрақты дамуды қамтамасыз ету бар екенін айтып өтті.
— Бүгінгі күні Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуы бар 8 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, ал Ресей Федерациясынан қазақстандық экономикаға құйылған инвестиция көлемі 11,4 млрд долларды құрады. Бұған бірінші кезекте инвесторларға арналып жасалған қолайлы жағдай ықпал етеді, — деп хабарлады ол.
24 мамыр күні 2018 жылғы Петербург халықаралық экономикалық форумының арнайы панельдік сессиясы барысында «Самұрық-Қазына» қорының ресейлік және халықаралық қауымдастыққа сатылымға шығарылған Қор компаниялары тобына қатысты бірқатар ірі инвестициялық жобаларды таныстырғанын еске сала кетейік.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен