Қордың топ-менеджменті Астанадағы брифингте «Самұрық-Қазына» электронды сатып алулар жүйесіндегі өзгерістер туралы айтты.
Кездесудегі сөзінде, «СамрұқҚазына» АҚ Басқарушы директоры Әлішер Пірметов«Самұрық-Қазына» сатып алу жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған кезең-кезеңмен жүйелік өзгерістерді жүзеге асыратынын атап өтті. Сонымен, бүгінгі таңда холдингішілік ынтымақтастық аясында жүргізілетін сатып алулар оңтайландырылды. Бұл процедура 2018 жылы шамамен 300 млрд. теңге соманы бәсекелес ортаның тапсырыстарына өткізуге мүмкіндік береді.
«Бұл инновация Қазақстандағы шағын және орта бизнеске өз бизнесін дамытуға қосымша мүмкіндік беретіндігін және жеткізушілер арасындағы бәсекелестікті одан әрі дамытуға серпін беріп, тиімді және ашық сатып алуды жеңілдететінін атап өту маңызды», – деп атап өтті «Самрұқ Қазына» АҚ Басқарушы директоры Әлішер Пірметов.
Сонымен қатар, Қор жеткізушілерді алдын ала бағалау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған тетіктерді енгізді. Қазір жеткізушілерге арналған сауалнама саны қысқартылып, Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алулар алынып тасталады.
«Елімізде шағын бизнестің сатып алуларға қатысуы үшін қосымша мүмкіндіктер беру мақсатында, Қор баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы тек 9,6 млн.теңгеден аспайтын сомаға сатып алуды Алдын ала бағалаудың шеңберінен тыс жүргізуді жоспарлап отыр,- деп түсіндірді ол.
Әлішер Пірметов атап өткендей, жақын арада жаңа электрондық сатып алу сайты — ЭСАЖ 2.0 іске қосылады. Ол электронды алаңды сүйемелдеу шығындарын азайтады, сондай-ақ Тапсырыс берушілер мен Жеткізушілер үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Кейбір жаңаша істеріміз қазірдің өзінде қалыпты режимде жұмыс жасауда, ал қалғанын Қор жақын арада іске қосуды жоспарлап отыр.