jasqazaq.kz

«Самұрық-Қазына» Қытайдың алдыңғы қатарлы инвестициялық компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандум бекітті

08 маусым 2018, 15:43

Қор Қытайдың ең ірі инвестициялық компанияларының бірі WintaGroup-пен өзара бірлесе жұмыс істеу бойынша меморандумға қол қойды .

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына іссапары аясында ұйымдастырылған Қазақстан-Қытай іскери кеңесінің бесінші отырысы барысында белгілі болды.

«Біз екіжақты экономикалық қарым-қатынастың ары қарай, бұдан да қарқынды дамығанына мүдделіміз. Екі ел көшбасшыларының кеше өткізген келіссөздері, қол жеткізілген келісімдер мен бекітілген құжаттар осыны кезекті рет дәлелдеп отыр және бизнестің дамуына, екі ел бизнесінің өзара ықпалдастығына жаңа тамаша мүмкіндік береді. Бүгінгі Қазақстан – бұл зор инвестициялық әлеуеті бар мемлекет, осы мақсатта бизнес жүргізу және тікелей инвестиция түсімі шарттарын жақсарту бойынша жүйелік жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінгі бесінші отырыста құны 13 млрд АҚШ долларды кұрайтын 40-тан астам коммерциялық келісімге қол қою жоспарланып отыр», — деп атап өтті сөз алған «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Жекелей алғанда, «Қорғас-Шығыс Қақпа» АЭА-дағы көлік-логистикалық инфрақұрылым бойынша ықпалдастық танытуды қоса алғанда трансшекаралық электронды коммерция аясында логистикалық жобаларды дамытуға бағытталған KTZ Express пен JD Logistics арасындағы келісімді айта кетуге болады.

Сонымен қатар, Airport Management Group және Beijing China-Russia united international logistics Co. Ltd ұйымдары да Қазақстан арқылы әуе және жүк тасымалдарын дамытуға бағытталған келісім бекітті. Rail Air жобасы да осы мәміледе қамтылып отыр.

Бұдан бөлек Қытай Сауда-өнеркәсіп банкімен, CNPC Guangxi Petrochemical Company және China Express Airlines ұйымдарымн үш келісім бекітілді.

«Жақын арада біздің іскери кеңес қызметін ұйымдастыруда мүлдем жаңа тәсілдерді әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Олар бірінші кезекте бірлескен қызметімізді жандандыруға, іскери кеңес жұмысын күшейтуге бағытталады», — деді Ахметжан Есімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қытай бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында.

Қазіргі уақытта Қазақстан Қытайдың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі болып отыр. Қазақстан экономикасына тура инвестиция салу көлемі бойынша Қытай 4-орында. Қазақстан экономикасына құйылған инвестициялардың жалпы көлемі 17 млрд АҚШ долларын құрайды.

01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр