«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа басшылығы қайырымдылық жобаларын қаржыландыруды тоқтатпайды. Бұл туралы «Время» газетіне берген сұхбатында Қордың басқарушы директоры Әлішер Пірметов мәлімдеді.
«Самұрық-Қазына» қоры өзінің әлеуметтік жауапкершілігінен бас тарпайдытындығын компания басшылығы мәлімдеді.
«Егер мемлекеттік компания менеджментінің көзқарасы бойынша қараса, иә. Клапанды оп-оңай жаба салып, тек компаниялар тобының кірістілігімен ғана айналысуға болар еді. Бірақ әлеуметтік жауапкершілік деген түсінік бар. Осы бағыттардағы қолдауларды жауып тастау да дұрыс бола қоймас. Біз қажет тепе-теңдікті тапқан тәріздіміз. Алдымызға қойылған ел басшылығының тапсырмалары бар, солар бойынша жұмыс істейміз», — деді Әлішер Пірметов.
Бұған дейін қор демеушілік және қайырымдылық көмекке жұмсалатын шығындардың азайтылатындығын, соның ішінде «Астана» спорт клубын қаржыландыру қысқартылатындығын жариялаған еді.
Сонымен қатар, сұхбатында Әлішер Пірметов «Самұрық-Қазына» Қордың компаниялар тобы қатысатын аймақтардағы әлеуметтік жобаларға баса назар аударуға ниетті екенін мәлімдеді.