jasqazaq.kz

Самал Есләмованы жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды

22 мамыр 2018, 13:15

71-інші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямованы жанкүйерлері Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан күтіп алды.

Әуежайға келген актрисаны қазақ жастары Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» атты өлеңіне жазылған әнмен қарсы алды. «Сен менің сүйегім мен қанымдасың, Жанымдасың, ұятым, арымдасың», деп ән салған жастардың кейбірі ұлттық нақыштағы киім киіп келген. Айта кетейік, бүгін елордада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен актриса Самал Еслямованың, режиссер Сергей Дворцовтың кездесуі жоспарланған. Шараға сонымен бірге, фильмнің продюссері Гүлнәр Сәрсенова қатысады. Еске салсақ, қазақстандық актриса Самал Еслямова 71-інші Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» аталымында жеңімпаз атанған еді. Кейін министр Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық актрисаны фестивальдегі жетістігімен құттықтады. Самал Еслямова ресейік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдады. C. Еслямова 1984 жылы 1 қыркүйекте туған. 2011 жылы Ресейдің театр өнері университетін (ГИТИС) бітірген. Бұған дейін ол «Тюльпан» фильмінде басты рөлді ойнаған. Туынды 2008 жылы Каннда «Ерекше көзқарас» конкурсының бас жүлдесін, жас әділқазылардың жүлдесін, Францияның білім министрлігінің жүлдесін жеңіп алған болатын.

ҚазАқпарат

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен